Қолға ұстасаң, балқитын металл (фото+видео)
Қолға ұстасаң, балқитын металл (фото+видео)
5 жыл бұрын 6830 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ол шыны тәрізді сынғыш, үй температурасында балқиды – Галлий.

1869 мұндай металдың барын Дмитрий Менделеев болжап айтып кеткен. Периодтық заңға сүйене отырып, өзі сызған кестедегі үшінші топта оған орын қалдырып кеткен болатын. Онымен «көрші» металдарға қарап отырып, атақты химик оның химиялық әрі физикалық қасиеттерін мүмкіндігінше дәл сипаттап беріп кеткен еді. 1875 жылы Поль Эмиль Лекок де Буабодран есімді француз химигі Париж ғылым академиясында мінбеден сөз алып, жаңа элементтің ашылғанын күллі әлемге жария етті. Ол өзі тапқан элементті «Галлий» деп атауды ұсынды (Еуропаның тарихи бөлігінің, соның ішінде Францияны да қамтитын бөлігінің «Галлия» деген римдік атауынан алды). Ғалымдардың кейбірі әзіл-шыны аралас мынадай сөзі бар: негізінде ол өзінің есімін берді аталмыш элементке – Лекок (французша le coq – әтеш), ал латынша «әтеш» - gallus деп аталады (галлия (gallium). Қалай десе де галлий Дмитрий Менделеев түзген химиялық элементтер жүйесінің төртінші периодының үшінші тобына 31 атомдық нөмірімен жайғасты. Аталмыш металл табиғатта сирек кездеседі. Галлий минералы тек Намибий мен Заирдың аумағында ғана бар. Аралас түрінде ол көптеген минералдардың құрамында кездеседі. Десе де олардың құрамында да аз. Тіпті, әлемдік галлидің 90%-ы алынатын бокситтің көп мөлшерде шоғырланған жерінің өзінен ары кеткенде тек 20%-ын ғана шығара аласыз.Сол себепті, оны өндіру әрі қымбат әрі қиын процесс. Оны өндірумен негізінен Қытай, Жапония, Германия айналысады. Галлиді сұйықтыққа айналдыру үшін адам денесінің жылуы жетіп жатыр. Ол 29,8 °С температурада балқиды. Салыстыру үшін алсақ, қорғасын - 327 °С, алтын - 1063 °С, ал вольфрам — 3420 °С температурада балқиды. Галлий осы қасиетінің арқасында, яғни, төменгі температурада балқитын ерекшелігіне қарай көптеоен техникаларда қолданылады. Мәселен, өрт дабылы құрылғысында қалай қолданатынын алайық: Ғимараттың іші сәл жылыса болды, реледегі галлилік қорытпа бағанасы балқып, электрді тұйықтайды, осыдан кейін қауіп төнгенінен белгі беретін дабыл іске қосылады Екіншіден, галлий ұзақ уақыт бойы суыған күннің өзінде қатая қоймайды. Тіпті, кешкісін тоңазытқышқа салып қойсаңыз, таңертең сол күйінде көресіз. Есесіне қатайған кезде бұрынғы қалпынан едәуір үлкейгенін көресіз. Бұл, иәселен, су секілді заттар мен қоспалардың әсерінен болады. Сол себепті, галлиді желатинді капсулада немесе резеңкелі баллонда сақтайды. Тағы бір қасиеті, яғни, артықшылығы - 29,8 ден 2230 °С температураға дейінгі аралықта ол сұйық күйінде қалады. Тек 2230 °С температурада ғана қайнай бастайды. Оны сол себепті жоғары температуралы термометрлерді, манометрлерді жасауда пайдаланады. Салыстырып көріңіз: сынап 356,7 °С температурадаға ғана қайнайды. Осыған қарап, яғни, ұзақ уақыт бойы сұйық күйінде қалатынына қарап оны жылуды жақсы сақтайды деп ойлап қалуыңыз кәдік. Алайда, олай емес! Өзге металдарға ол жоғары температурада ол көбінесе балқиды, яғни, «бүлінеді». Есесіне жарықты жақсы шағылыстыратындықтан айна өндірісінде кеңінен пайдаланылады. Тіпті, жоғары температурада да көмескі тартпайды. Галлиді бұдан бөлек, медициналық дәрілердің құрамына да енгізеді, белгілі болғандай, оның ионы темір ионын алмастыра алады. Галлий бактерияға қарсы аса күшті құрал, онкологиялық дерке шалдыққандардың сүйегінің салмағы кемуіне кедергі келтіреді, қан кетуді тоқтатады әрі жарақаттың жазылуын тездетеді. Десе де оның ерекше қасиеттеріне қарай негізінен микроэлектроника саласында қолданады. Галлий өзге элементтер мен металдарға қарағанда уы аз. Сол себепті де оны пломбыны дайындауда қолданып жатады. Мыс ұнтағын балқытылған галлиге араластырып паста жасауға болады. Интерметалдық қоспаның пайда болуына байланысты бірнеше сағаттан кейін қатаяды. Содан кейін 600 градус температураға дейін төзімді болып, балқымайды. Аталмыш металдың қасиеті пен қолдануға жарайтын салалары туралы таңды таңға ұрып айта беруге болады. Ең бастыларын тізіп шықтық деп ойлаймыз.

 

0 пікір
Мұрағат