Қатерлі ісік ауруы «жасарып» келеді
Қатерлі ісік ауруы «жасарып» келеді
1 жыл бұрын 1021 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы күллі әлем бойынша онкологиялық аурулардың ерте даму динамикасы және онымен байланысты өлім-жітім көрсеткішін зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде bmjoncology.bmj.com сайтына жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы талдау нәтижесі көрсеткендей, жыл сайын 14-49 жас аралығындағы адамдар арасында обыр дертіне шалдыққан науқастар қарасы отыз жыл ішінде екі есеге артып кеткен, ал осынау аурудан көз жұматындар саны төрттен бірге көбейген. Ғалымдар бұл тарапта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасы - 2019 жылғы «Аурулардың жаһандық ауыртпалығы» деп аталатын зерттеу деректерін пайдаланды. Ғалымдар осы зерттеу барысында 204 ел мен аймақта қатерлі ісіктің 29 түрі бойынша қауіпті факторларды зерделеген екен. Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, 2019 жылы 50 жасқа дейінгі адамдар арасында қатерлі ісікке шалдыққан жаңа диагноздардың саны 1990 жылғы зерттеуден 79,1%-ға көп болып шыққан, яғни, 3,26 млн адам обырдан зардап шеккен. Осы кезеңде ерте басталған қатерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіші 27,7%-ға өскен. Барлық көрсеткіш 100 мың халыққа шақталып есептелген, сондықтан халық санының өсуімен байланыстырмау керек мұндай тенденцияны. Ал ауру мен өлім-жітім жағынан қандай обыр дерті алда тұр: сүт безінің қатерлі ісігі – 100 мың адамға шаққанда 13,7 пайыз және 3,5 мың өлім-жітім. Бұған көп қимыл-қозғалысты қажет етпейтін өмір сүру салты мен семіздік, қан құрамындағы қанттың жоғары деңгейі, т.б. белгілі жайттар себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат