|
Қаруға арналған құлып ойлап табылды (видео)
|
Израиль өнертапқыштары қаруға арналған құлып ойлап тапты. Бұл арқылы өзге адамның тапаншасын қолдана алмайсыз. Құрылғы механикалық кодтық диск арқылы блокқа түседі. Оған сондай-ақ сымсыз таратқыш орнатылған. Егер біреу рұқсатсыз қаруға тиісетін болса, иесінің телефонына бірден ескерту жіберіледі. Аталған жоба авторлары құрылғыны өндіріске шығару үшін ғаламторда қаражат жинау науқанын жария еткен. Оларға 100 мың доллар қажет болған. Алайда, өнертабыс көп адамға ұнап, 3 есе көп ақша жиылды. Енді қаруға арналған құлыпты коммерциялық өндіріске шығару жоспарланып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді