Түркия мешіттерінде балалар орталығы ашылады (ФОТО)
Түркия мешіттерінде балалар орталығы ашылады (ФОТО)
8 жыл бұрын 2230 ummet.kz ФОТО: aa.com.tr

Түркияда 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Дін істері жөніндегі министрліктің ұсынған ел мешіттерінде жасөспірімдер мен балалар орталығын ашу жоспары іске асырылады.

Аталған орталықтар мешіт аумағында немесе мешіттің ішінде құрылып, балалардың интеллектуалды, рухани және физикалық тұрғыдан дамуын ыңғайлы барлық жағдайлар жасалады. Орталықта кітапхана, компьютер кабинеті, ойын және спорт залдары болады. Төрт жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңқайы мешіттің бірінші қабатында, ата-аналардың көзінен таса болмайтындай жерге орналастырылады. Орталықта, сонымен қатар, балаларға арнайы Құран үйретуші ұстаздар да қызмет етпек.

Ыстамбұлдағы мешіт имамы Мұхаммад Қарачайдың айтуынша, Түркияда осы уақытта 70 мың мешіт намаздан бөлек мәдени-рухани шаралар орталығына айналып үлгерген.

Ал үкіметтің қолдауымен көптеген мешітте іске асырыла бастаған жаңа бастама екі жылдың ішінде барлық мешітті қамтиды деп жоспарланған.

 

   

0 пікір
Мұрағат