Қарбыз бен қияр қосындысынан пайда болған өзгеше жеміс (гибрид)
|
Орталық Америка құрлығында бірнеше жылдың жүзі болды – қарбыз бен қияр гибриді өсіріліп келеді. Аз уақыт ішінде танымал болып үлгерген. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кукамелон немесе қарбызды қияр – қарбыз бен қиярдың будандастырылған түрі. Кукамелон жемісінің ұзындығы 2,5 сантиметрге жетеді, кішкентай жолақты қарбызды еске түсіреді. Ал дәмі қиярдың дәміне ұқсағанымен аздап қышқыл келеді. Кукамелон мексикалық қияр деп те аталады және қазірдің өзінде тышқан қауыны, пепкиност, шағын мексикалық қарбыз, санджита ратоны және мексикалық қияр сияқты көптеген лақап аттары бар. Аталған жеміс толығымен жеуге жарамды, оның ішінде қабығын да қоса жеуге болады. Кукамелонды тағамдар мен сусындарға гарнир ретінде пайдалануға болады, сондай-ақ, түрлі салаттарға қосылады. Кукамелондар жылы аймақтарда жақсы өседі.