Қара теңіз құрдымға кетеді – түрік ғалымы
Қара теңіз құрдымға кетеді – түрік ғалымы
2 жыл бұрын 2037 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осман Бектас есімді түрік геологы болгарлардың bTV ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Қара теңіз жағалауында тұратындарды боолашақта қандай қауіп күтіп тұрғанын тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, Қара теңізді енді құтқару мүмкін емес, өйткені, аталмыш теңіздегі температураны киматтық нормадан тыс көтерілуі оның құрылымына әсер етуде. Ғалым теңіздің үш қабаттан тұратынын, түбінде улы газдардың басым болатынын, ортасында температурасы Целсия бойынша сегіз градустан аспайтын аралық қабат болатынын, оның кондиционер (салқындатқыш) рөлін атқаратынын, ал балық және басқа теңіз жануарлары оттегіге бай жоғарғы бөлігінде өмір сүретінін айта келе жаһандық жылынуға байланысты ортаңғы қабат жұқара бастағанын жеткізді. «Улы газдарға бай төменгі қабат болашақта үстіңгі қабатпен араласып, теңізге жақын жерде тұратындарға қауіп төндіреді», - деп атап өтті ол. Содан соң жағдайды өзгерту немесе кері қайтару мүмкін еместігін тағы бір мәрте еске салып өтті.

0 пікір
Мұрағат