Қала мен ауылдық жердегі өмір сүру ұзақтығының арасындағы айырмашылықтың себебі анықталды
|
Швейцарияның әлеуметтік және профилактикалық медицина институтының ғалымдары қалалық және ауылдық жердегі тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының арасындағы айырмашылықтың себебін, дәлірегі, қалалық тұрғындардың ауылдық тұрғындарға қарағанда не себепті азырақ өмір сүретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған The BMJ мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұның сыры қалалық жердің озон қабатының төмендеп кететінінде жатыр. Бұл жайт өз кезегінде қала тұрғындарының организміне кері әсерін тигізетін болып шықты, дәлірегі, мутагендік және канцерогендік заттар, әсіресе, ірі қалаларда, мегаполистерде көп шоғырланған. Аталмыш зерттеуде әлем халқының 80 пайызы қалалық жерде орналасқаны айтылған. Ғалымдардың айтуынша, озон қабатының төмендеуі мен өлім-жітім арасында тікелей байланыс бар.