Қажылыққа баратындар міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациядан өтуі қажет
Қажылыққа баратындар міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациядан өтуі қажет
6 жыл бұрын 2298

Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 миллионға жуық адам қатысады, оның ішінде 3-4 мың адам - Қазақстан Республикасынан барады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылы қажылыққа бару тамыздың басына жоспарланған, ол 20 тамызға дейін жалғасады. Барлығы 3200 адамның қажылыққа баруы жоспарланып отыр.

Сауд Арабиясы коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел болып табылады. 2018 жылы менингококк инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалған, ол Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Сол кезеңде менингокк инфекциясының 96 расталған жағдайы тіркелді, оның 15 жағдайы өліммен аяқталды. Инфекцияның өршу себебі, тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуі, өзін-өзі емдеуі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемде таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусымен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 730-ы өліммен аяқталған, оның 80 пайыздан аса - Сауд Арабиясында.

2000 жылдары қажылық кезінде менингококк инфекциясының өршуіне байланысты Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінің адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау. Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация еліміздің 8 өңірінде (Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында) жүргізіледі, қазіргі уақытта қажылыққа баратын адамдарға егілетін вакцина өңірлерге жеткізіліп жатыр, оны биылғы жылғы 15 мамырдан бастап алуға болады (вакцинаның 1985 дозасы), сондай-ақ, маусымның бірінші жартысында менингококк инфекциясына қарсы тағы да вакцинаның 6000 дозасы қосымша жеткізілетін болады.

Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын орындарда болған кезде жеке профилактика шараларын есте сақтау керек:

- қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялайтын салфеткаларды пайдалану;

- жөтелген және түшкірген кезде салфетканы пайдалану;

- ауырған адамдармен байланысқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;

- адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;

- қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ, ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;

- сырқаттанудың кез келген белгісі пайда болған кезде дәрігерге бару;

- сапардан қайтып келгенде және аурудың кез келген симптомы (қалтырау, температураның көтерілуі, сырқаттану, тамақтың ауыруы және басқасы) пайда болса, дәрігерге қажылыққа барғанын айтып, тез арада медициналық ұйымға бару қажет.

0 пікір
Мұрағат