ҚАЖЫҒА ҚОЛ КӨТЕРУШІНІҢ ЖАЗАСЫ ҚАНДАЙ? (ВИДЕО)
|
Сауд Арабиясының Мекке қажыларды тасымалдаушы автобусының жүргізушісі қажылардың біріне қол жұмсағаны үшін қамауға алынды.
Қажыға құрметсіздік көрсеткен әрекет мобильді телефонға жазылып, интернетке тарап кеткен.
Кадрда қажыларды тасу жөніндегі компанияда жұмыс істейтін үлкен ер адамның ихрамдағы адамдарды жөнсіз сөздермен сөгіп жатқаны, онан соң қажылардың бірінің басынан ұрып жібергені анық көрінеді.
«әл-Шаркия» аудандық полиция басқармасы баспасөз қызметінің басшысы полковник Зияд әл-Ракитидің айтуынша, қажыларға дөрекілік көрсеткен көлік жүргізуші қамауға алынған. Сондай-ақ, оған қатысты қылмыстық іс те көтерілген.
Ал корольдікте жапа шеккен қонақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен кіші қажылықты өтеуге келген екен. Жас жігіт өзіне қол жұмсап, дөрекі сөйлеген адамға ешбір жауап қатпастан, өзін лайықты ұстады, деп жазады жергілікті БАҚ.