Психикалық бұзылу белгілерін 95% дәлдікпен анықтайтын тест жасалды
Психикалық бұзылу белгілерін 95% дәлдікпен анықтайтын тест жасалды
10 ай бұрын 876

Ресейлік ғалымдар Қытай мен Германиядағы әріптестерімен бірлесе отырып, психикалық бұзылуды, соның ішінде депрессияны диагностикалауға арналған биохимиялық тест жасады.

Сколково ғылым және технологиялар институтының профессоры Филипп Хайтовичтің айтуынша, тест нәтижелері бойынша ауру белгілерін анықтау дәлдігі 95% құрады, деп хабарлайды kaz.inform.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оның атап өтуінше, шизофрения, депрессия және басқа да психикалық аурулар ми қызметінің әртүрлі деңгейде байқалатын өзгерістерімен, соның ішінде ақуыз функциясының және гендер белсенділігінің өзгеруімен сипатталады. Авторлар әзірлеменің негізі ретінде қанның липидті құрамын талдауды пайдаланды, оның кейбір өзгерістерін ол «психикалық бұзылыстың әмбебап белгісі» деп атады.

«(Тест) тамаша жұмыс істейді, дәлдігі 95%-дан жоғары. Бұл – диагнозы бар адамдар», - деді Хайтович «Ресей» халықаралық көрме-форумында өтіп жатқан «Ұлттық жетістіктер форумы: ғылым және университеттер» конференциясында. 

Оның қосып өтуінше, бұл сынақтан 1 мыңнан астам диагнозы жоқ еріктілер қатысқан. Олардың кейбіреулері қан анализінің қорқынышты қорытындыларын алып, психиатрға жүгінді, нәтижесінде «ауыр депрессиялық белгілер» анықталды.

Қазіргі кезде шешім сертификаттау процедурасынан өтуде, деп нақтылады ғалым.

Еркежан Смағұлова

0 пікір
Мұрағат