Тәтті қызанақты бақшада өсірудің құпиясы
Тәтті қызанақты бақшада өсірудің құпиясы
3 жыл бұрын 1618 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Байқайсыздар ма, соңғы жылдары қызанақтың дәмі бұрынғыдай тәтті емес, бұған ең алдымен жылыжайды өсірілген қызанақтардың саудаға шығарылуымен байланысты. Осының өзі көп нәрсені аңғартады. Gardeners' World компаниясының кәсіби мамандары бақшада тәтті қызанақ өсірудің құпиясын бөлісті. Бұл жайында islam.kz порталы Express онлайн-басылымға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, білікті мамандар бақшада тәтті әрі сапалы қызанақ өсіру үшін ең алдымен егетін тұқымын қапысыз дұрыс таңдауға кеңес береді. Ең тәтті қызанақ түрлеріне қара өрік тәрізді сорты мен «Бұқа жүрегі» сортын жатқызып жүр. Бағбандар бұл сорттарды дәнінен өсіргісі келетіндерге олардың дәнін алдымен ақпан айының соңында контейнерлерде өсіруге кеңес береді. Жарық жеткіліксіздігінен болатын проблемаға жолықпас үшін. Екінші шарты – көшетін бақшаның күн молынан түсетін жағына отырғызуға кеңес береді, өйткені, сапалы көкөніс алу үшін жылуға қарағанда жарықтың берері көп, яғни, жылудан гөрі жарықтың маңызы зор. Қызанақ тәулігіне кем дегенде 8 сағат күн нұрын сіңіруі керек. Ең соңында – қызанақ отырғызылған топырақтың минералды әрі қоректік затттарға бай элементтермен байытып отыруды ұсынады. 

Ұқсас материалдар:

"Қызанақтың жаңа сорты: дәмі бал татиды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qyzanaqtyn-jana-sorty-dami-bal-tatidy-16204/#gsc.tab=0);

"Бақшадағы зиянкес жәндіктермен экологиялық жолмен күресудің тәсілі айтылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/baqshadagy-ziyankes-jandiktermen-ekologiyalyq-jolmen-kuresudin-tasili-aityldy-16680/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат