Рамазанға қатысты дәрігерлер кеңесі
|
Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты дәрігерлер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңес беруде. Ораза айында ауыз бекіткендер қиналып қалмасы үшін. Солардың бірсыпырасына тоқтала кеткенді жөн көрдік.
-
Аптап орнағанда күн астында ұзақ уақыт болмау. Күн астында ұзақ жүруге тура келсе, күнқағар кию;
-
Синтетикалық матадан тігілген тар киімдерді кимеу, оның орнына қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін кең-мол пішілген, жүннен немесе мақтадан жасалаған матадан тігілген киімдерді кию;
-
Сәресінде шайды қоюлап ішуге болмайды және кофені де ішпеуге кеңес береді, өйткені, сусынның бұл түрлері тез шөлдетеді.
-
Ащы және тұздалған тағамдардан бас тарту.
-
Күніне 2-3 мәрте салқын суға шомылу лажы болса;
-
Ас алдында 1-2 стакан салқын, таза су ішу. Ауқаттанып болған соң тағы су ішкен артық болмайды немесе көк шай ішіңіз;
-
Сіңімді әрі жеңіл тағамдарды тұтыныңыз, мәселен, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері, жаңғақ, т.б.
Ұстаған оразаңыз қабыл болсын!
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сандық зерде қазірдің өзінде адамның тұлғалық қасиеттерін 85% қайталай немесе көшіре алады
■
Жапонияда 2720 жылға қарай 14 жасқа дейін бір ғана бала болады
■
Супербактерияның осал тұсы табылды
■
KFC және Pizza Hut бойкотқа байланысты Түркиядағы мейрамханаларын жабады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын электронды тоқыма пайда болды