Қыста көлікпен жолда қалсаңыз, не істеу керек
Қыста көлікпен жолда қалсаңыз, не істеу керек
4 жыл бұрын 2735

Төтенше жағдай өкілі көлікпен жолда қалғанда істелетін нұсқаулықпен таныстырды. Бұл жайында inbusiness.kz ақпарат көзі мәлім етті.

Қыста жолда қалған жолаушылар аяздан қорғанамыз деп жүріп, газға жиі уланады. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров осындай мәлімет айтты.

«Қардың қалың жаууымен және дауылды желмен қатар келетін ауаның күрт төмендеуі нәтижесінде көлік жолдарында, теміржол магистралында қар құрсаулары жиі туындайды. Сол себепті, қарлы боранда қаза болудан кепілді қорғаныстың бірнеше қарапайым ережесін сақтау керек. Егер сіз жолда, автокөлікте келе жатып боранға тап болсаңыз, тоқтау керек. Тұрған жеріңізді  белгілеп, сізді құтқаруға келген адамдар тез тауып алуы үшін ашық түсті мата іліп қою қажет. Қозғалтқышты радиатор жағынан қымтап, көліктің капотын жел бағытына қарай бұрып қойыңыз. Отынды үнемдеңіздер, пешті үздіксіз қоспаңыздар. Көлікті қар басу қаупі туындаса, есіктердің бірінен саңылау қалдырыңыздар. Салонның ішінде қамалып қалмау үшін омбы қарды анда-санда тазалап тұрыңыздар», – деген маман қар астында қалған жағдайда не істемеу керектігін де айтты. 

«Қар астында қалған көліктерге ескерту, тоңып қалсаңыз да қозғалтқышты іске қоспаңыз. Қозғалыстың жұмысы кезінде салонға ішке бөлінетін газ жиналып қалады. Сізге үскірік аяздан осы газ әлдеқайда қауіпті және адам қазасына әкелуі мүмкін. Жолда қалған адамдардың көбі автокөлік газына уланып жататынын айта кету керек. Сол себепті, жүргізушілер уақтылы далаға шығып, машинаның түтіктерін тазалап, бір есіктен саңылау қалуын қадағалау керек. Егер көлік жолда сөніп қалса, үрейленбеңіздер. Жағдайды бағдарлап, орналасқан жеріңіз бен елді мекенге дейінгі қашықтықты бағалаңыздар. Осыдан кейін «112»-ге қоңырау шалып, қай жерде тұрғандарыңызды хабарлауға тиіссіздер. Жаяу кетуге шешім қабылдасаңыз, жолмен асфальтпен жүріңіздер. Себебі олар қар құрсауына аз ұшырайды және сіздерді тез табуға көмектеседі», – деді Есен Байыров. Есжан Ботақара

0 пікір
Мұрағат