Пияз турағанда көзден жас ағызбайтын қарапайым 15 әдіс (фото)
|
Пияз турағанда адамның көзінен жас ағатынын бәрімізге белгілі. Біз сіздерге пияз турағанда көзден жас ағызбайтын қарапайым 15 әдісті ұсынбақпыз.
Суық су
Пияз тураудың алдында пышақты суық суға салып қойыңыз. Немесе пиязды турап жатқанда пышақты суық суға салып отырыңыз. Пияздың өзін де турамай тұрып суық суға салып қойсаңыз болады.
Тоңазытқыш пен мұздатқыш
Пиязды турамай тұрып мұздатқышқа бір сағатқа салып қойыңыз. Немесе пышағыңызды 15 минутқа тоңазытқышқа салсаңыз болады.
Ыстық су
Пиязды турап жатқанда жаныңызға ыстық су қойып қойыңыз. Ыстық судың буы көз жасын ағызатын заттарды жойып жібереді. Немесе пиязды үлкен етіп кесіп алыңыз да, ыстық суға салып алыңыз. Осыдан кейін пиязды еркін турай беруге болады.
Ауызға су толтыру
Пияз турау алдында аузыңызға су толтырып алыңыз. Пияз турап біткенше, суды түкірмеңіз.
Петрушка мен сағыз
Пияз турап болғанша, петрушка немесе сағыз шайнап тұрыңыз. Олар көз жасын ағызатын заттардың күшін жойып жібереді.
Желдеткіш
Жаныңызға желдеткіш қойып қойыңыз. Пиязды газдың сорғыш құралының алдында турауға болады. Сонда жел екпіні пияздан бөлінетін заттарды сіздің көзіңізге жеткізей ұшырып жібереді.
Шырақ немесе газ
Пиязды жанып тұрған шырақ немесе газдың жанында тураңыз. Сонда от жалыны пияздан бөлінетін заттарды сіздің көзіңізге жеткізей ұшырып жібереді.
Сірке суы
Пияз турайтын тақтайды сірке суымен сүртіп алыңыз. Нәтижесінде сірке суы пияздан бөлінетін заттарды өлтіріп тастайды.
Тұз
Пияз турайтын тақтайыңызға тұз сеуіп қойыңыз. Бұл да пияздан бөлінетін заттарды жойып жібереді.
Лимон
Лимонмен де дәл осы әдіс жасауға болады. Тақтайды лимон шырынымен сүртіп алсағыз, ол пияз құрамындағы заттарды жояды.
Пышақ
Пияз турауға пышақтың да әсері бар. Сондықтан әдетте тісі жоқ, өткір пышақтарды қолданған дұрыс.
Дұрыс тыныс алу
Пияз турағанда мұрынмен емес, ауызбен тыныс алыңыз. Осылайша пияздан бөлінген заттар мұрынға бармай, көз жасының ағуын тежейді.
Суға түсуге арналған көзілдірік
Көзіңізді суға түсуге арналған көзілдірік тағып алыңыз. Осылайша пиязды еркін турауыңызға болады.
Асүй комбайны
Пияз тураудың ең оңай әдісі. Алайда, комбайнның табағы толықтай жабық болуы керек.
Көк жуа
Пияздың орнына көк жуаны қолданыңыз. Екі пияздың да дәмі тамаққа қосқанда бірдей болады.