Егер 30 күннің ішінде сұйықтықтан тек су ішсеңіз не болады?
Егер 30 күннің ішінде сұйықтықтан тек су ішсеңіз не болады?
9 жыл бұрын 37744 yazdorov.kz

Су – тіршілік нәрі екені бәрімізге белгілі. Денеміздің басым бөлігі судан тұрады. Ағзамыздың әрбір жасушасы, терісі немесе мүшесі терезеңіздің алдындағы гүл сияқты суды қажет етеді. Осы жерде біз гүлмен салыстырамыз – егер гүлге су тым көп емес, тым аз емес, жеткілікті болса, ол гүлдейді, жапырақтары көгеріп, жайқалады.

Біз де өзімізді гүлмен салыстырып, сусындаймыз, бірақ көбіне суды басқа сұйықтықтармен алмастырып жатамыз: мысалы, газды сумен, кофе, шәй, сүтпен, кейбіреуі өзін жақсы көргені соншалықты, сүйікті сырасынан да бас тартпайды, және т.б.

Егер бар-жоғы 30 күннің ішінде ас үлесінен судан басқа барлық сусындарды алып тастасақ, не болады? Біз күн барысындағы тағамдарымыздан бас тартпаймыз, қимыл-қозғалысымызды көбейтіп немесе азайтпаймыз, тек ағзамызға құйылатын сұйықтықтың барлығын суға алмастырамыз

Ең бірінші ойымызға келетіні – қаражатымызды үнемдейміз. Иә, бұл шүбәсіз факт. Алайда, ағзамызға одан да қызықты, одан да бағалы қандай пайда әкелеміз?

1. Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артады


30 күн өткен соң, Neuroscience (Нейробиология) журналының таратқан ақпараты бойынша, миыңыз бұрынғыдан жылдам реакциясымен таң қалдырады екен. Миымыз жақсы жұмыс істеуі үшін тонналаған кислород қажет болған сияқты, су да оның жұмысын арттыра алатындардың қатарынан табылады. Нәтижесінде зейініңіз артып, ойлау қабілетіңіз тезірек және шапшаңырақ болады. Күніне 8-10 стақан су іше отырып, когнитивтік қабілетіңізді бақандай 30%-ға жақсартасыз.

2. Құрдастарыңызға қарағанда жасырақ көрінетін боласыз 

Ауыз суы теріңіздегі судың мөлшерін сақтай отырып, қартаю үрдісін баяулатады. Теріңізді ылғалдандырып, сау, жұмсақ, тегіс, жарқыраған, жас әрі әжімсіз етеді. Бұлшық етімізге де тигізер әсері мол – су оның тонусын сақтайды. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін, тек таза су ішуіңіз керек.

Daily Mail журналында жарық көрген мақалада 42-жасар анаға небары 30 күн тек су ішкен соң, 10 жасқа жасырақ көрінгенін айтады.

Ең қызығы, тек су ішу идеясы, оған үнемі бас ауыруы мен ас қорытуының нашарлауына әкеп соқты. Сол үшін ол күніне 3 литрдей су іше бастады, бір айт өткен соң таң қалды. Үнемі дыңылдап тұратын бас ауруы мен ас қорытуының нашарлауы қолмен сылып тастағандай жоқ болды. Оған қоса, бонус ретінде, 10 жасқа жасарды. Жаман емес қой, иә?

Өз сөзінде ол, «Шын мәнісінде мен осыншалық айырмашылық болады дегенге сенбедім. Өзімді айнадан көргенде, басқа әйелді көргендей боламын. Көзімнің айналасындағы қарауытулар жоғалды. Терімнің жасарғаны соншалық, жас күнімдегідей. Бұл менің басымнан өткен керемет өзгеріс... Өзімді арықтау сезінемін және денсаулығым да жақсарғандай, ең қызықтысы, менің өзгерткенім, тек су ғана»,-дейді.

3. Иммунитетіңіз күш көрсете бастайды

Словак халқының мақалы: «Таза су - -бұл алғашқы медицина» дейді. Бұл әсірелеп айтқандық емес! Су ағзаның тиімді функцияларын жаңартатын катализатор сияқты жұмыс істейді. Судың дұрыс мөлшерде пайдаланылуы – бауырыңыз бен бүйрегіңіздің жұмысын жақсартып, қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Осы мүшелеріңіз қандағы улы заттарды, қалдықтар мен тұздарды кетіруге жауапты.

Сонымен осы саладағы зерттеушілердің айтуына сүйенсек, рН теңгеріміңіз тұрақталып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады екен, осылайша біз бас ауруы мен тағы басқа ауруларға шалдықпайтын боламыз.

4. Жүрегіңіз мықтырақ болады

Су жүрегіңіздің сауығуына көмектеседі. Қан сұйыла түскендіктен қан қысымы төмендеп, жүрек талмасының қаупі сейіледі.

Ұйықтар алдында бір стақан су ішіп жатсаңыз, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға көмектеседі.

Американдық эпидемиология журналы алты жылдық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Күніне бес стақан су ішкен адамдар, жүрек талмасынан, күніне тек 2 стақан су ішкен адамдарға қарағанда 41%-ға аз өлгендігін байқаған.

5. Сүйектеріңіз қатая түседі

Су сіңірді қалпына келтіруге көмектеседі, осының арқасында буындарыңыз баппен қимылдап, нәтижесінде буындарға түскен салмақтың әсерінен болған зақымдар азая түседі.

6. Тері астындағы майларыңыздың біразымен де қош айтысасыз

30 күн бойы тек су ішсеңіз, денеңіз өміріңізге маңызды мүшелеріңізден улы заттар мен қалдықтарды шығарады. Бұл денеңізді тазартып, оны ішіңіздің айналасындағы майлардан арылта бастайды. Алдымен, салмағыңыз аздап арта бастайды, себебі, денеңіз осынша мөлшерде пайда болған судың мөлшеріне бірден үйренісе алмайды. Алайда, біраз уақыт өткен соң, ағзаңыз жаңа тәртіпке үйренеді. Су қарныңыздың ашып тұрғанын да жоя алады. Калорияны аздап қолдана бастайсыз, өйткені су қарныңыздың ашқанын басып, ағзаңызды жуа бастайды. Тағамтану мен диетология академиясының өкілі Андреа Н. Джанкола кеңес бергендей, тамақтанудың алдында ішілген бір немесе екі стақан су ас қорытуыңызға көмектесіп, өзіңізге қажетті мөлшерден тыс тамақ жеуге мүмкіндік бермейді. Жәй ғана оны үнемі жасап отырсаңыз болды.

7. Зат алмасу үрдісі жақсарады

Зерттеулер көрсеткендей, үнемі су ішіп жүрген адам диетаңызға қарамай зат алмасу үрдісін жақсартады. Таң ертең тұрған соң, жарты литр су ішсеңіз, зат алмасу үрдісі 24%-ға артады.

Зат алмасу үрдісі несімен маңызды? Дұрыс – өмірізді ұстап тұрған ағзалардағы химиялық реакциялардың жүруіне тікелей байланысты.

14 пікір
  • Өте пайдалы кеңес! Рахмет
    9 жыл бұрын
  • Біз отбасымызбен суды көп ішеміз. Қонаққа барғанда балаларымыз қайта-қайта су сурап уй иесін шаршатамыз:)
    9 жыл бұрын
  • Мен жақында ғана "водотерапияның" 2 айлық курсын тәмамдадым. 2 ай бойы минералды су іштім. Керемет! Айтып жеткізудің өзі қиын. "Су бар жерде, ну бар" демекші, су бар жерде, өмір бар.
    9 жыл бұрын
  • Лəйлə апай, саляматсыз ба! Минералканың кай турін іштіңіз? Яғни, қайсысы дұрыс дегенім.
    9 жыл бұрын
  • Амансың ба, бауырым Нурик! Реклама боп кетпей ме екен? /әзіл ғой/. Мен "Ессентуки" іштім. 17 және 4 деген сусындар. Біріншіден, қан қысымын түсіреді, екіншіден, ішек-асқазанды тазалайды. Екеуін кезекпен ішіп отырдым жәшіктеп. Жиырмасын бір, екіншіден жиырмасын іштім. Оның ішу тәртібі бар. Су сияқты іше бермейсің, Науқасыңның түріне қарай тағайындалады.
    9 жыл бұрын
  • Бүгіннен бастап тек су ішем ))
    9 жыл бұрын
  • Ия сінде су ішемін деп шештім. Негізі су ішуге көшіп жүргенмін. Бірақ шəйді əлі де болса тастай алмай жүргенмін.
    9 жыл бұрын
  • Судың бір қасиеті – тазарту. Күнәдан тазарту: қолмен, көзбен, аяқпен істеген күнәлардан дегендей. Дәрет (тәхәрат) алған сумен бірге күнәлар да бет-қолдан ағып түседі деген сөз бар. Бой дәреттің де негізгі мақсаты – рұхани кірбіңнен арылу.
    9 жыл бұрын
  • Ең қызығы, тек су ішу идеясы, оған үнемі бас ауыруы мен ас қорытуының нашарлауына әкеп соқты. Тусиниксиз екен.
    9 жыл бұрын
  • Иә, Жібек, су ішу тек бас пен асқазан емес, бүйректі де ауыртады. Оны бір схамен ішу керек. Мен де алғашында солай ауырғам. Сосын диетологтармен кеңесіп, схема сыздырып алдым.
    9 жыл бұрын
  • Сонда... тек су іше беруге болмайды дейсіздер ме? Лəйлə апай? Схемамен ішу керек пе?
    9 жыл бұрын
  • По результатам исследования американских ученых, важнее жидкие калории, чем твердые. То есть то, что мы пьем, порой полнит нас куда сильнее, чем то, что едим. Именно сладкие напитки повинны в «эпидемии ожирения», охватившей развитые страны. Именно поэтому все диетологи хором рекомендуют пить обычную чистую негазированную воду. Но вот сколько?

    Всемирная организация здравоохранения рассчитала, что необходимое количество воды для человека - 30 мл на один килограмм веса. То есть 70-килограммовому человеку в день необходимо 2 литра 100 мл воды.

    А вот почему, объяснят факты.

    1. Способствует похудению.

    Есть серьезные научные данные, которые подскажут нам - когда лучше пить, чтобы вес уходил быстрее.

    Американские ученые из Вирджинского университета проводили массовое исследование, заставляя одну группу подопытных выпивать стакан воды за полчаса до еды, в то время как другая группа не мучилась совсем - они пили, как обычно, как привыкли это делать всегда. Но та и другая группы пили ровно столько воды, сколько было нужно по подсчетам. И по итогам эксперимента, группа которая пила воду перед едой, потеряла в среднем (на всех) на три килограмма больше, чем вторая. Что в общем-то объяснимо - вода имеет свойство заполнять желудок, благодаря чему, еда в него помещается в меньшем объеме. Но не только поэтому мы худеем благодаря воде.

    Благодаря тому, что мы правильно пьем, ускоряются все обменные процессы, в том числе, сжигание жиров. Подсчитано, что если вы пьете воды столько, сколько нужно вашему организму, метаболизм ускоряется примерно на три процента, то есть на эти же проценты вы начинаете быстрее худеть. Вроде бы немного? Но это же происходит каждый день. Если же организм страдает от обезвоживания, он начинает запасать воду во всех возможных углах. И в первую очередь этими «углами» становится наша жировая ткань. То есть - если вы мало пьете, вы начинаете толстеть.

    Попробуйте для начала провести небольшой эксперимент - когда вы чувствуете, что хотите есть, выпейте стакан воды. Возможно, таким образом организм сигналит о том, что ему не хватает именно воды, а не еды.

    Кстати, диетологи подчеркивают: самый важный стакан воды - утренний. Натощак, если не за полчаса, то хотя бы за 15 минут до еды, нужно неторопливыми глотками выпить стакан воды. Если кислотность желудка в норме, выжмите в стакан половинку лимона. Это поможет пробудить обменные процессы, да и вообще весь организм.

    - Начинать пить воду правильно надо постепенно, с 1-1,5 литра в сутки (но именно ВОДЫ!) и постепенно доводить до рекомендуемой нормы, - говорит Людмила Денисенко. - Без фанатизма, ведь резкое увеличение потребления воды может привести к обострению хронических болезней. Главное - пить надо воду, обыкновенную питьевую воду (можно даже из-под крана, если уверены в ее благополучии). Другие напитки - чай, кофе, кока-кола, травяные чаи - обладают мочегонным эффектом. То есть только усиливают дефицит воды в организме. Кофе-компоты-молоко-лимонады-соки - это жидка еда, а не вода. То есть они не обладают свойствами обычной питьевой воды!

    А какими еще свойствами обладает вода?

    2. Регулирует давление

    Известный факт, что мы в среднем на 75 процентов состоим из воды, а вот наша кровь - из 92 процентов. Поэтому когда воды не хватает, кровь сгущается и повышается кровяное давление. Именно поэтому гипертоникам необходимо поддерживать нормальный питьевой режим.

    3. Контролирует аллергию

    Когда воды в организме нехватка, усиливается выработка гистамина, который начинает правильно распределять остатки воды в организме так, как он считает будет разумнее и лучше. А переизбыток гистамина активирует аллергию. Поэтому аллергикам очень важно пить воды столько, сколько требует организм.

    4. Снимает боли в суставах

    И, конечно, вода необходима нашим суставам. Многочисленные артрозы, остеохондрозы также возникают из-за постоянной нехватки воды. Ведь хрящевая ткань быстрее изнашивается, если к ней не поступает достаточное количество питательных веществ, нет нормального кровоснабжения.

    - Важно не только постоянно поддерживать свои мышцы в тонусе, потому что именно благодаря им к хрящевой ткани поступают питательные вещества, - поясняет д.м.н., врач-кинезитерапевт Сергей Бубновский. - Но и поддерживать питьевой баланс, то есть стараться выпивать не менее двух литров воды в день. Особенно на тренировках - делая глоток чистой воды каждые 15 минут упражнений.

    Кстати, когда воды не хватает, затормаживается выработка всех ферментов, уменьшается энергетическая активность. Мы больше устаем, хуже соображаем. И даже на тренировки ходить уже не хочется.

    5. Заставляет блестеть волосы.

    Косметологи недаром с самого начала спрашивают тех, кто приходит к ним на прием о питьевом режиме. Ведь нехватка воды сказывается на коже лица, которая становится более сухой, появляются ранние морщины. И на волосах, которые хуже блестят, становятся ломкими. Вода даже важнее витаминов, поэтому косметологи также в первую очередь рекомендуют наладить питьевой режим - не меньше двух литров в сутки.

    Что важно понимать - когда нам не хватает воды, организм начинает забирать ее из клеток и тканей, чтобы поддерживать жизненно важные функции. Но даже самые важные органы тоже могут пострадать. Например, мозг - от гипоксии, поскольку кровь сгущается, хуже транспортирует кислород. Сердце - по той же причине.

    В общем, масса поводов задуматься и попытаться начать пить воду правильно.
    9 жыл бұрын
  • Ұлбала, амансың ба, қалқам? Мен кішкене науқастанып қалған соң схемамен ішкем. Оның үстіне, менің ішкенім жай су емес, емдік су. Асханалық су да емес, емдік сусын болды. Оны бас жоқ, құлақ жоқ сылқылдатып іше беруге болмайды екен. Сосын диетологтан кеңес алдым. Ал енді қарапайым суға келсек, оның күніне 3 литрге дейін ішу керек дейді дәрігерлер. Таңертең ашқарынға, сосын күні бойы стақанға құйып бөліп қоясың да, шетінен іше бересің, Тамақтың алдында, артында... Жатқанша ішесің, Алдымен ол ауырлау болады. Бүйрегің мен басың ауырып, асқазаның ауыр тартады. Дәрігерлер мұны тұздардың ерігісі келмеуімен байланыстырады. Әсіресе, бүйрегі ауыратын адамның бет-аузы, денесі ісініп кетеді. Дәретке жиі барады. Ол кезде азайтасың, күніне шамамен 1-2 литре дейін. Егер денің сау, ешқандай патология болмаса, пайдасы зор. Зияны жоқ.
    9 жыл бұрын
  • Сосын шай туралы... Шай деген сусын емес, тамақ дейді дәрігерлер. Орысша айтқанда, пища. Көп адамдар шайды сусын деп шатасамыз. Шай ішіп жүрміз деп ойлаймыз. бірақ ол сусын емес, тамақ орнына жүретін көрінеді, құрамындағы байытылған заттардың есесінен.... За счет химический веществ в составе. Яғни, судың орны бөлек, шай бөлек.
    9 жыл бұрын
Мұрағат