27 жасқа толғаннан кейін әскери билетті алу жолы - видеонұсқау
27 жасқа толғаннан кейін әскери билетті алу жолы - видеонұсқау
8 жыл бұрын 6901 tengrinews.kz

Қазақстанда 27 жастан асқан ер адам әскерге шақырылушы емес, әскери міндетті болады.

Үкімет қаулысы бойынша ер адам жеті күн ішінде аты-жөнін ауыстырғанын, отбасылық жағдайының өзгергенін, денсаулық жағдайын - бірінші немесе екінші деігейдегі мүгедектік алғанын, тұрғылықты орнын, оқу орнын, жұмысы мен қызметін ауыстырғанын хабарлауы міндет. Білім алып жатқан жағдайда бұл туралы анықтаманы әскери комисариатқа өткізген соң заңды түрде шегеру аласыз. 27 жасқа дейін ер адам отбасын құрып, бұл туралы жергілікті әскери басқару органын ескерткен болса, шақыру жасынан асқанша (27 жасқа дейін) әскер қатарына бару мерзімін шегере алады. 

27 жасқа толғандар әскери билет алу үшін келесідей құжаттарды жинап, жергілікті әскери басқару органына бару қажет:

1) мекенжай анықтамасы;

2) сотталмағаны туралы анықтама;

3) жоғары оқу орнын аяқтаған кезде берілген диплом және оның нотариус бекітен көшірмесі;

4) жеке куәлікті үш көшірмесі (біреуі нотариуспен бектілген);

5) неке, баланың куәлігі және олардың көшірмесі;

6) 3x4 көлеміндегі екі сурет;

7) әскери тіркеу туралы куәлік (куәлік жоғалтқан жағдайда тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға барып, тіркеу куәлігінің көшірмесін алу керек);

8) амбулаториялық карта.  

Медициналық талдау тізімі:

1) несеп талдауы;

2) қанның толық талдамасы және микрореакция;

3) ЭКГ;

4) флюорография.

Анықтамалар:

1) психикалық саулық орталығынан;

2) наркологиялық диспансерден;

3) туберкулезге қарсы диспансерден;

4) тері-венерологиялық диспансерден.

Құжаттарды өткізгеннен кейін әскери міндетті тұлғаның ісін қорғаныс ісі бойынша аудандық басқарма басшысы қарауға алады. Ол жіберілген қателіктер болса, әскери міндеттерді орындамаған азаматқа салынатын айыппұл көлемін анықтайды.  Осыдан кейін медициналық комиссиядан өту керек. Мұнда дәрігерлер ер адамның денсаулығы әскери қызметке қаншалықты жарамды екенін анықтайды. Ары қарай құжаттардың сәйкестігін тексеру қажет. Айыппұлды төлегеннен кейін әскери міндетті азамат жиналған құжаттарды жеке өзі ХҚКО-ға өткізеді.  Аймақтық қорғаныс істері басқармасына құжат өткізуге, әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен медициналық комиссияны өтуге екі сағттай уақыт кетеді. Қызмет көрсету регламенті мен стандарты бойынша ХҚКО әскери билетті 28 жұмыс күнінен кейін береді; Әскери билетті қолға алғаннан кейін аймақтық қорғаныс істері басқармасына барып, жалпы әскери тіркеуге тұру керек. Тіркелген азаматтың атына тіркеу карточкасы ашылып, оған барлық мәлімет жазылады. Соңығда әскери тіркеуге тұрғаны туралы мөр басылады.

 

0 пікір
Мұрағат