|
Өзінен шені жоғары әскери қызметкердің заңды бұйрығын орындамаған сарбазға қандай жаза қарастырылады?
|
Ақтауда командирдің бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін әскери қызметкер 48 сағатқа қамауға алынды. Бұл жайында қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабардар етті. Сот № 21814 әскери бөлімінің қатардағы сарбазының бөлім командирінің №241-НР заңды бұйрығын орындаудан бас тартқанын анықтады. Осыған байланысты сот қатардағы әскери қызметкерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 652-бабының 6-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу", "Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау") айыпты деп таныды. Қатардағы сарбазға әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, сот үкімінің заңды күшіне енгені айтылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр