Әр елдің салты мен діни сенімі дипломатиялық қатынасқа қаншалықты салқынын тигізеді?
Әр елдің салты мен діни сенімі дипломатиялық қатынасқа қаншалықты салқынын тигізеді?
7 жыл бұрын 3194 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Рига қаласының халықаралық әуежай әкімшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің осы елге елші болып тағайындалған Ханан Халфан Обейд әл-Маданиді "өтірік айтты, жалған сөйлеп, жала жапты" деп, айыптап отыр. Елшінің айтуынша, аталған әуежайдың қауіпсіздік қызметі елшіні тексеру кезінде одан басындағы шариғат шәлісін шешуді талап еткен. Ал аталмыш әуежай қызметкерлері елшінің бұл сөзін жоққа шығарып отыр. Осыған байланысты БАӘ билігі Латвияның сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жөнелткен болатын. "Елшіден тек пальтосын шешуді ғана сұраған, бақылау қызметкерлері тексеруі үшін. Тексеруді әйелдер жүргізген",- деп ақталды аталған әуежайдың қауіпсіздік департаментінің директоры Инта Смилдзиня. Ал елші өзін әйелдер ғана тексеруін талап еткені үшін сөгіс естігенін жеткізді. Айта кетейік. Латвияда БАӘ елшілігі ағымдағы жылдың ақпан айының 9-ы күні ғана ашылған болатын. Бұл қадам екі елдің арасындағы инвестиция тарту бойынша ынтымақтастықты нығайтуы тиіс болатын. Алайда, басталмай жатып, осындай түсінбестіктен туындаған дау-дамай екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың орнауына кедергі келтіруде. Діни және мәдени айырмашылық дипломатиялық қарым-қатынасқа салқынын тигізетіні сөзсіз. Дипломатияның да сол үшін керек екенін мүдделі тараптар түсінуі қажет. 

 

0 пікір
Мұрағат