Өз-өзін жойып (жағып) жіберетін флэшка көп ұзамай саудаға шығарылады (видео)
Өз-өзін жойып (жағып) жіберетін флэшка көп ұзамай саудаға шығарылады (видео)
10 ай бұрын 1524 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ақпараттың құпиялылығын қосымша қорғауды қажет ететін мамандықтар бар, мәселен, хакерлер, журналистер, жасанды зерде (АІ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласының мамандары, т.б. Міне, осындай маман иелеріне Райан Уокер есімді Labs Interrupt компаниясының қызметкері өзгеше флэшты - Ovrdrive USB құрылғысын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ixbt.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қарағанда, біз күнделікті пайдаланып жүрген кәдімгі флэшкалардан айырмашылығы жоқ құрылғының шын мәнінде екі айрықша «қабілеті» бар: іске қосылуы өзгеше әрі өз-өзін жойып жіберу функциясы бар (алайда, ондағы ақпараттар шифрленеді, яғни, сақталады). Сонымен, компьютер оны анықтай алуы үшін оны USB портына үш рет енгізу керек, әйтпесе барлық ақпарат жасырын қалады және құрылғы «зақымдалған диск» ретінде көрсетіледі. Өзін-өзі жою үшін Ovrdrive USB өзіне берілген кернеуді өзгерту мүмкіндігіне ие, бұл мүмкіндік құрылғыны 100 °C-қа дейін қыздырады. Әзірлеуші ​​бұл мүмкіндіктен құрылғының толық жойылмайтынын алға тартып отыр. Жұмысты аяқтау үшін пайдаланушы чипке жанғыш затты қолдануы керек. Кездейсоқ іске қосылмауы үшін үнсіздік режимінде өшірілген. Қазіргі уақытта Райан Уокер өзінің ерекше құрылғысын краудфандингке қойды, онда ол жоспарланған 3500 доллардың шамамен 3000 долларын жинап үлгерді. Ovrdrive USB осы жылдың тамыз айында $70 бағасымен сатылуы керек

Флэш-накопитель Ovrdrive

Ovrdrive USB — флешка для фанатов безопасности, которая имеет подготовленную функцию физического самоуничтожения

 

0 пікір
Мұрағат