Өте үлкен және өте кіші сандарға арналған жаңа атаулар берілді
|
10 санының 27-ші және 30-шы деңгейін білдіретін префикстер деректер мөлшерінің көбеюіне байланысты қажет, яғни, осындай себеппен қолданылады. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салмақтар мен өлшемдерге қатысты өткен жиында (CGPM) бүкіл әлемнен өлшем сарапшылары мен үкімет өкілдері Халықаралық бірлік жүйесіне (SI) жаңа префикстер қосу үшін дауыс берді. Мұны Ұлыбританияның Ұлттық физикалық зертханасы (NPL) ресми түрде хабарлады. Ғалымдар өте аз және үлкен сандарды білдіретін жаңа префикстерді іздеді. Жаңа қондырмаларды қосу туралы бастаманы Ұлыбританияның Ұлттық физикалық зертханасы көтерген еді. Зертхананың метрология бөлімінің меңгерушісі Ричард Браунның айтуынша, префикстерге деген қажеттілік деректер көлемінің үнемі өсуіне байланысты туындаған.
Өте үлкен сандар үшін белгіленген жаңа атаулар:
ronna, R символы, 10²⁷ немесе 1 000 000 000 000 000 000 000 000 000 (27 нөлі бар сан)
quetta, Q таңбасы, 10³⁰ немесе 1 000 000 000 000 000 000 000 000 000 000 (30 нөлі бар сан)
Ал өте кіші сандарға берілген атаулар мынадай:
ronto (r таңбасы) 10-27 немесе 0,000 000 000 000 000 000 000 000 001
10−30 немесе 0,000 000 000 000 000 000 000 000 000 001 үшін quecto (q таңбасы)
Префикстер деректер ғылымында соңғы кездері жиі қолданыла бастағандықтан сарапшылар осындай шешім қабылдады. SI префикстерінің ауқымы 1991 жылдан бері алғаш рет өзгерді.