OpenAI бас директоры 2025 жылы технологиялық тұтастыққа қол жеткізілетінін мәлімдеді
OpenAI бас директоры 2025 жылы технологиялық тұтастыққа қол жеткізілетінін мәлімдеді
1 ай бұрын 707 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі OpenAI (жасанды зерде технологиясымен айналысатын америкалық ғылыми-зерттеу ұйымы – ред.) бас директоры Сэм Альтман 2025 жылы технологиялық сингулярлыққа қол жеткізілетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Y Combinator стартаптар инкубаторының директоры Гарри Танмен сұхбатында ол аса қуатты әрі ортақ жасанды зерде (AGI) пайда болатынын мәлімдеді. Жасанды жалпы интеллект - негізгі білімнің жетіспеушілігіне қарамастан адамның қабілеттеріне ұқсас немесе жете+қабыл танымдық қабілеттерді пайдалана отырып немесе адам мүмкіндіктерінен асып түсетін міндеттерді орындай алатын технология. Осы орайда бұған дейін көптеген сарапшылардың  көп ұзамай (бәлкім, 2025-2050 жылдар аралығында) адамзат бақылауға келмейтін немесе кері қайтару мүмкін емес технологиялық біртұтастықтың шегіне жететінін болжағанын айта кетпекпіз. Мұндай жағдайда экзистенциалды қатер пайда болатынын да алға тартады сарапшылар. Дәлірегі, жасанды зерде технологиясының адамзатқа пайдасы күмән тудыратын қайшылықты ұғымнан бір-бірін жоққа шығаратын дилемма орнайтынын да жасырмайды. Осы орайда Tesla және SpaceX  компанияларының жетекшісі Илон Маск жасанды зерде технологиясының адамға бағынбайтын кезеңнің жақын қалғанын мәлімдегенін айта кетпекпіз. Дәлірегі, Саудия астанасында өткен Future Investment Initiative алқалы жинында АІ-дың адамзат ырқына көнбейтін ықтималдылығы 20 пайызға жеткенін әрі бұл технологияның жыл сайын 10 пайызға жетілдіріліп отыратынын мәлімдеген еді. Таяу жылдары АІ де сегіз млрд адам секілді қабілетке ие болатынын да жасырмады.

0 пікір
Мұрағат