Өңделген пластик те қауіпті болып шықты
Өңделген пластик те қауіпті болып шықты
2 жыл бұрын 1810 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ezra Acayan / Getty Images

Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымының мәліметінше, пластикті қоршаған ортаға заласыз ету үшін өңдеудің еш пайдасы болмай шықты. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бастапқыда пластикті өңдеу қоршаған ортаның пластикпен ластану деңгейін төмендететін қарымды шара ретінде қабылданғанын айта кетпекпіз. Сарапшылар бұл бағыттағы зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, қайта өңделген пластиктің оның негізгі құрамдас бөліктерінен де улы болып шыққанын атап өтті - микробөлшектер өңдеу нәтижесінде таралады және қоршаған ортаны ластайды. «Пластик өнеркәсібі қоршаған ортаның пластикпен ластану дағдарысының шешімі ретінде пластикті қайта өңдеуді насихаттауды жалғастыруда. Алайда,  пластиктің уыттылығы қайта өңдеумен бірге артады. Пластмассаның айналмалы экономикада орны жоқ және мұндай ластануды тоқтатудың бірден-бір әрі нақты шешімі - пластик өндірісін күрт қысқарту екені анық», - деп айтылған Greenpeace мәлімдемесінде.

0 пікір
Мұрағат