Нью-Йоркте ұшатын такси пайда болды (видео)
|
Joby Aviation құрастырған S4 eVTOL ұшағы Нью-Йорк мегаполисінде сынақтан кейін алғаш рет ұшты. Негізгі мақсат - электрлі әуе таксилерінің қаншалықты жайлы ұшатынын жұртқа көрсету. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қала басшысы Ерік Адам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде көлік саласындағы осы заманғы озық технологияны пайдалануға көшкендерін әрі әуе таксиі осы бағдарламаның бір бөлігі болатынын мәлімдеді. Әуе таксиі трафикті айтарлықтай қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар, халқы көп және көлік кептелісінен қозғалыс тоқтаған аудандарда ең аз шығынмен жылдам ұшуды қамтамасыз етеді. Мұндай ұшатын көліктердің шуды ластау стандарттарына толығымен сәйкес келетіні баса айтылды. Шамамен 500 метр биіктікте әуе таксиі 45 дБА-дан аспайтын шу шығарады.