Нейрочип эпилепсиялық ұстаманың (талма) алдын алады
Нейрочип эпилепсиялық ұстаманың (талма) алдын алады
2 жыл бұрын 1282 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Электронды чип пен жасанды зерде әртүрлі неврологиялық аурулардың белгілерін анықтап, олардың көрінісін (белгілерінің білінуін) болдырмайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Лозанна федералды политехникалық мектебінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцариядағы Лозанна федералды политехникалық мектебінің инженерлері чипте жабық циклды нейромодуляциялық жүйені әзірледі - NeuralTree. Аталмыш құрылғы неврологиялық аурулардың немесе жақындап келе жатқан құрысулардың ерте белгілерін анықтап, олардың асқынуына жол бермейді. Құрылғы жоғары ажыратымдылықтағы 256 арналы сенсор массивін және энергияны үнемдейтін машиналық оқыту процессорын қамтиды. Бұл жүйені «үйрету» үшін ғалымдар эпилепсия және Паркинсон ауруы бар нақты науқастарды бақылау және жануарлар үлгісіндегі ағзаларда осы ауруларды қайта құру арқылы жиналған биомаркерлерді қолданған. Сол сияқты чипті басқа ауруларды тануға «үйретуге» болады. NeuralTree белгілі бір неврологиялық ауытқулармен байланысты ми толқындарынан электрлік сигналдардың үлгілерін (биомаркерлер) шығарады. Жүйенің жасанды зердесі сигналдарды белгілі бір санаттарға бөледі (жіктейді) және олардың, мысалы, төніп келе жатқан қатерді, атап айтқанда, Паркинсон ауруындағы эпилепсиялық ұстаманы немесе треморды (қолдың қалтырауын) көрсетеді. Белгілі бір науқаста симптомдар анықталған кезде чипте орналасқан нейростимулятор іске қосылады, ол осы симптомды блұғаттау үшін электрлі импульсті жібереді. Бұл бағыттағы зерттеу авторлары нейрондық интерфейстің бірегейлігі энергияны үнемдейтін көп арналы чипте екенін атап өтті. Бұрынғы ұқсас құрылғыларда тек 32 сенсорлық арна болғандықтан олардың өнімділігі айтарлықтай шектеулі болған еді. Инженерлер құрылғының өзін-өзі белсендіруіне қол жеткізу үшін бұл тараптағы жұмысты жалғастыратын болады: пациент миының нейрондық желісінде келесі өзгерістерге бейімделу мүмкіндігін қарастырады. 

0 пікір
Мұрағат