Нағыз құс қанаты бар кептер робот жасалды (видео)
|
Стэнфорд университетінің және Гронинген жоғарғы оқу орнының инженерлері қанаттары мен құйрығы құс қауырсындарынан жасалған робот кептер құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол нағыз құс сияқты ұша алады және маневр жасай алады. Қазіргі заманғы ұшақтар ұшу үшін ауытқыған беткі жақты пайдаланады, ал құстар қанаттары мен құйрығының пішінін өзгерту арқылы қалаған жағына бұрылып, қалаған кезде маневр жасай алады. Датчиктер ұшудың қалпы мен жылдамдығы бойынша ауытқуларды тіркейді, ал басқару жүйесі осы ауытқуларды басқаратын немесе күшейтетін актуаторлар үшін командалар әзірлейді. Мысалы, егер робот жел екпінінен сол жаққа қарай ыға бастаса, жүйе сол қанаттың ашылуына ықпал етеді, ал оң қанаты, керісінше, бүктеліп, бұл сол жақтағы көтергіштің артуына және оң қанаттың астында оның азаюына әкеледі.