Миллиардерлер үшін ең қымбат қала аталды
|
Биыл миллиардарлердің өмір сүруіне ең қамбат қала Сингапур болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде швейцариялық Julius Baer жекеменшік банкінің баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар табысы миллион доллардан асатын адамдардың 25 қалада тұру құнын сараптады. Бұ тараптағы рейтинг қымбат, жылжымайтын мүлікке, Porsche Taycan электромобиліне және үш Michelin жұлдызы бар мейрамханадағы кешкі ас бағасына, т.б. негізделген. Сингапурдың бұл бағытта көш бастауының себебі өмір сүру деңгейінің жоғарылығымен, жылжымайтын мүлікке деген үлкен сұраныспен, автокөлікке салынатын салықпен және медициналық сақтандырумен байланысты. Шанхай рейтингтің екінші қатарында тұрса, Гонконг тізімнің алғашқы үштігін аяқтаған. Лондон мен Нью-Йорк мегаполистері тиісінше төртінші және бесінші орындарда. Үздік ондыққа Монако, Дубай, Тайбей, Сан-Паулу және Майами де кіреді.