Мешітке тегін кіргізбейтін болды
Мешітке тегін кіргізбейтін болды
9 жыл бұрын 3493

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 1-і күнінен бастап, Мәскеу қаласындағы Соборлық мешітке шағын саяхат жасау үшін келгендер билет сатып алатын болады. Яғни, аталған мешітке экскурсия жасауға келгендер мұсылмандардың осынау құлшылық үйінің ішін тегін аралай алмайды. Бұл жайында Ресей астанасының Мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталған ақпарат көзінің хабарына қарағанда, мектеп оқушыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткерлерге 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Өзге меймандар мешітке кіру үшін 300 рубл төлейді. Егер 15 адам тобымен кіретін болса, олардың әрбіреуіне билет 250 рублден сатылады. Ал мектеп оқушыларына – 150 рубл.  Мешіт ішін аралап көргісі келген жұртқа құлшылық үйінің тарихы мен сәулет ерекшелігі айтылады. Сөз реті келгенде Мәскеу қаласындағы бұл мешіт күрделі жөндеуден өткеннен кейін оның сыйымдылығы жиырма есеге артты. Яғни, бір мезгілде 10 мың адам құлшылық ете алады.

0 пікір
Мұрағат