«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды
|
Америкалық ғалымдар су мен диметилсульфоксид негізіндегі арнайы еріткіштің көмегімен бір күнде «мәңгілік химиялық заттарды» салыстырмалы түрде зиянсыз көміртегі мен бейорганикалық фторидке айналдырған. Бұл жайында islam.kz порталы NBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология өте қарапайым және арзан. Ол зиянды заттарды негізгі құрамдас бөліктеріне айналдыруға мүмкіндік береді, ал «мәңгілік химиялық заттарды» қоршаған ортадан толығымен жоюдың жолы әлі ойлап табылған жоқ. «Мәңгілік химикаттар» (PFAS, перфторланған химикаттар) табиғи жағдайда немесе ортада ыдырамайды. Бұл топқа 4,7 мың жасанды синтезделген заттар кіреді. Олардың ішіндегі ең танымалы - тефлон.
Ұқсас материалдар:
«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0)