"Мәһр шығынын мемлекет өз мойнына алды" деген ақпарат қаншалықты рас
"Мәһр шығынын мемлекет өз мойнына алды" деген ақпарат қаншалықты рас
6 жыл бұрын 5939 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қолда бар 2016 жылғы дерек бойынша аталған ел аумағында 3700 жетім бала болған. Олардың 1300-і әлеуметтік істер министрлігінің, тағы 2400-і мәселен, Aramco секілді әлеуметтік әрі қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыратын түрлі қайырымдылық ұйымдары мен аса ірі қомпаниялардың   қамқорлығында болған. Бұдан бөлек, 8600 жетім бала асырап алғысы келетін отбасыларына берілген. Ал денсаулығында ақау бар, ақыл-есі кем жетім балаларға келсек, олардың күтімін әлеуметтік мәселелер және отбасы жөніндегі мемлекеттік агенттік өз мойнына алған. Аталған араб елінде балалар үйі әдетте "пана-жай" деп аталады. Балаларға ол жерде барыншы жағдай жасалған. Сол жерде хат танып, сол жерде ас-сумен, т.б. жабдықталған. Бұдан бөлек, жасы алтыға толмағандар үшін арнайы балалар үйі де бар. Жалпы есеп бойынша аталған ел аумағында 5 балалар үйі, 14 жастан асқандарға арналған, солардың ішінде 9-ы ұл балаларға, 4-еуі қыз балаларға арналған орталық бар. Бұдан бөлек, отбасындағы жағдай мәз емес 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін балалар үйі де барын айта кету керек, онда ол жердегі балалар отбасындағы жағдай түзелмейінше қайтарылмайды. Барлық жетім балаларға мемлекет жеке-шот ашып қойған. Кәмелет жасына толған соң сол есеп-шоттағы қаражатты өз қалауына қарай пайдалана алады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2017 жылы Саудияда бұл бағытта реформа қолға алынып, балалар үйіне "әлеуметтік үй" мәртебесі берілді. Әлеуметтік үйлердің әрбіреуінде 8 балаға дейін тәрбиеленеді. Олар саудиялық отбасылармен қатар көрші тұрады. Бұл реформа өз кезегінде балалардың қоғаммен етене араласуына септігін тигізбек. Ал бала асырап алған отбасыларға мемлекет есебінен 2000 реал (530 доллар) жәрдемақы беріледі. Ай сайын. Бала 6 жасқа толғанша. Ал жасы одан үлкен балалар үшін айына 800доллар жәрдемақы беріледі. Бала кәмелет жасына (18 жас) толғанша жәрдемақы беріледі. Бала үйленгісі келсе кәмелет жасына толғанда мемлекет тағы көмек қолын созады: 20 000 реал (5300 доллар) беріледі. Үйлену тойының шығынына бөлек төлейді: 60000 реал (16000 доллар). Жетім қыздардың мәһр шығыны да мемлекет мойнында. 

 
0 пікір
Мұрағат