Магнитті шаңғы пайда болды (видео)
Магнитті шаңғы пайда болды (видео)
1 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Брендан Уокер есімді сноубордшы өзінің Machina MagIC Ride стартапы үшін қаржы жинауға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы ТechСult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. MagIC сөзі бұл арада «Magnetic Interlocking Connection» - бәтеңкені тақтаға бекітудің магниттік жүйесі дегенді білдіреді. Ол барлық процесті жеңілдетеді, соның ішінде еңкейіп, қолмен бекіту машақатынан құтқарады. Ал мұндай артықшылық қар мен суықта маңызды. Бренданның айтуынша, ол әлемдегі сноубордқа арналған ең жеңіл және ықшам бекіту жүйесін әзірлеген. Бәтеңке табаны мен тақтаға қуатты неодим магниттер орнатылған. Бәтеңке тақтаймен жақындаған кезде олар тартылады және осылайша бекітпенің екі элементін қажетті жағдайға бағыттайды. Бұрама жұдырықшалар бәтеңкені тақтаға мықтап бекітуі үшін аяқпен айналымның төрттен бір бөлігін жасау керек. Бәтеңкелерге реттеуге келетін қаттылық деңгейін беру үшін олардың ішінде карбоннан жасалған корпус орнатылған. Бұл корпус екі аймақты қамтитын сыммен байлауды ұйғарады - ол қажетті қаттылықты дәл реттеуге мүмкіндік береді. Қаражатты жинағаннан кейін мұндай бекітпенің толық жиынтығының құны 699 доллар болмақ.

 

0 пікір
Мұрағат