Латын қарпіне көшу: Ресейдің реакциясы қандай?
|
Қазақстанның тіл саясатындағы соңғы өзгерістерді, нақтырақ айтқанда, президент Назарбаевтың латын қарпіне өту туралы тапсырмасын біз ғана емес солтүстік көршіміз де қызу талқылап жатыр. Бөтен мемлекет, бөлек ел енгізіп жатқан өзгерістерге ресейліктер өз ықпалынан бір автономия бөлініп шыққандай шала бүлінуде. Ал енгізгелі отырған реформаның Қазақстанның үштен бір бөлігі ғана пайдаланатын орыс тіліне еш қатысы жоқ.
Қазіргі таңда көрші елдің тіл мамандарынан бастап, қоғам қайраткерлеріне дейін қазақ тілінің латын қаріптерімен жазылатынына қатты алаңдаушылық білдіріп отыр.
Ресейдің «Ұлы отан» партиясының мүшесі Вадим Викторович Рыбин «Латиница в Казахстане: Первый гром над русским миром» атты мақала жазған. Онда қазақ тілінің латын қарпіне көшуі мен Ресейдің тіл саясатын баяндалған.
Жарайды, өз еліндегі тіл саясатын айтқысы келген екен, бірақ, оған біздің қатысымыз қанша? Неге «Первый гром» деп жазады? Осыған дейін бұрынғы кеңес одағының мүшелерінен қаншама мемлекет латын қарпіне көшті емес пе? Сонда Қазақстанды «Орыс әлемінің» бір бөлшегі деп санағаны ма?
Қазақ тіліне латын қарпі тура келмейді
Қазақстандағы лингвист-ғалымдар латын қарпіне қай тұстан келуді талқылап жатқанда, Ломоносов атындағы ММУ-нің профессоры, филолог Владимир Елистратов латын қарпінің қазақ тіліне мүлдем «тура келмейтіндігін» айтып сұхбат берді.
Оның айтуынша, түркі тілдері үшін кирилица қарпін пайдаланған ыңғайлы көрінеді. Кирилицада әр әріптің астына, үстіне, жанына ерекшелейтін белгілер қойып қажеті жоқ екен. Ол латын қарпіне өткен Өзбекстанды жағымсыз мысал етіп көрсеткен. Ғалым сөз арасында моңғолдардың әлі де кирилицаны пайдаланып келе жатқанын алға тартады.
Stockinfocus.ru сайтында жарық көрген «Казахстан решил отказаться от кириллицы: печальное известие для Русского мира» атты мақалада РФ Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин «Қазақстан Ресеймен дауласпайды. Бірақ, оның (Ресейдің — ред.) ішкі және сыртқы саясатына араласуына мүмкіндік беретін қандай да бір «бақылау пакетіне» ие болмауын қатты қадағалайды» деп пікір білдіреді.
«Осылайша, Қазақстан өзінің тәуелсіз ел екендігін көрсететін жеке көзқарасын білдірді. Іс жүзінде бұл — бірнеше орындықта қатар отыру. Яғни, біздің қасымызда, бірақ, Батысқа қарай жылжып барады», — дейді Затулин.
Біз егемендігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойладық. Бірақ, көршімізге Қазақстанның әрбір әрекеті тәуелсіз екенін дәлелдеу болып көріне ме қалай?! 1991 жылы-ақ бүкіл әлем біздің тәуелсіздігіміді мойындап қойған жоқ па?! Ресей депутаты Қазақ елінің жеке көзқарасы бар екенін енді ғана мойындап тұрғаны ма?!
Ресейдің қоғам қайраткері Алексей Живов болса өз блогында біздің бұл әрекетімізді «Латиница будет покруче украинских бандеровцев» деп салыстырады.
Әлеуемттік желілерде Ресейді бұқара халқы да қазақ тілі үшін «қатты алаңдайды» екен. Мысалы, Юлия Демина былай дейді:
- Қызық, латын қарпімен «ы» әріпін қалай жазады екен? Қазақ тілінде бұл ең жиі кездесетін дыбыс қой. Ал кирилицамен оны жаза аласыз. Латынша «у» қарпін «ы» орнына пайдалану бір бөлек. Сонда «лысый» сөзі «lysyi» болады ма? Шетелдіктер оны қалай оқиды? — дейді Демина.
Ал Юрий По есімді азамат:
- Қазақстанның мемлекет ретіндегі тарихы жоқ. Болашақты айтар болсақ, оны уақыт көрсетеді. Бірақ, латын қарпіне көшу бір жеңілдік әкелетініне сенбеймін, — деп бір-ақ ауыз сөзбен біздің ғасырлар бойғы таризымызды ысырып тастай салған.
Шынын айтқанда, әлеуметтік желіде жазылған пікірлер бүтін бір мақаланы орап өтетіндей. Себебі, онда сол мемлекетті құрушы адамдардың пікірі жазылған, демек, сол мемлекеттің көзқарасы бейленген.
Үндемеу керек…
Сөзімізді «Эхо Москвы» радиосының әлеуметтік желідегі Матвей Гонопольскийдің пікірімен қорытындыласақ.
«…Неге? Себебі, Қазақстан — өзін Сингапур секілді мемлекеттердің қатарынан көргісі келетін заманауи алып мемлекет.
Себебі, Қазақстан — постсоветтік болса да, әскері бар мемлекет.
Бірақ, бастысы Назарбаев Лукашенкодан кейінгі Путиннің қолын алып, елдің көзінше жиіркенішін көрсетпейтін соңғы адам.
Себебі, мәңгіге ат құйрығын кесіскен Украинадан кейін Қазақстан — өлімсіреп жатқан ТМД-ның соңғы белгісі.
Енді қазақтар латын қарпіне көшіп жатыр деп байбалам салушылар үндемейтін болады, себебі, ең болмағанда бір адам саған қолын созғанын қалайтын болсаң, ең дұрысы үндемеу керек»
"Матвей Ганапольский. Латиница в Казахстане — друг оказался вдруг
Назарбаев приказал готовить принадлежащий ему Казахстан к переходу на латиницу. Повод для этого есть — с 29-го по 40-е Казахстан пользовался латиницей. Пора вернуться к истокам, говорит Назарбаев. А еще он говорит, что этот переход естественен, ведь школьники сейчас поголовно учат английский язык, так что, еще до школы, они уже будут знать английские буковки.
Видите, как все стройно у Назарбаева, как логично. И…