Квадрокоптер электр беру желісінен қуат алуды үйренді (видео)
Квадрокоптер электр беру желісінен қуат алуды үйренді (видео)
9 ай бұрын 838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Даниялық инженерлер электр желісінен қуатталатын квадрокоптер құрастырды. Салмағы 4,3 келі тартатын дрон электр желісін табатын функциямен жабдықталған. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Электр желісінің астыңғы жағынан арнайы тетік арқылы қуат алатын бұл дронды қолдан қуаттап жатудың қажеті болмайды. Бұл механизмнің ішінде батареяны зарядтау үшін сым арқылы өтетін элекр энергиясын энергияға түрлендіретін екі ядролы трансформатор бар. Мұндай жүйенің арқасында дрон болашақта электр желілерінің жай-күйін тексеруді қоса алғанда, ұзақ қашықтықтағы тапсырмаларды орындай алады. Бұл айрықша дрон туралы ақпаратты arxiv.org сайтында білуге болады. Соңғы уақытта мультикоптер адам қызметінің түрлі салаларының, соның ішінде қоршаған ортаны бақылау, құтқару жұмыстары мен инфрақұрылымды тексерудің ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен, ұшу ұзақтығы шектеулі болғандықтан әуеде жарты сағаттай ғана ұша алады. Бұл жайт оларды пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай төмендетеді. Прототип Tarot 650 Sport квадрокоптерінің пішініне негізделген. Оған 33 сантиметрлік көміртекті талшықты бұрандалары бар электр қозғалтқыштары орнатылды. Электр қозғалтқыштары мен барлық жүйелер қуаттылығы 7000 миллиампер-сағатқа жететін алты ұялы батареядан қуат алады. Төмен деңгейде ұшуды басқару үшін Pixhawk V6X автопилоты пайдаланылады. Навигация (бағытын айқындау) және сигналды қабылдау есептегіші Raspberry Pi бір борттық компьютерінде жұмыс істейді

0 пікір
Мұрағат