Күйікті емдеуге арналған тапанша (видео)
Күйікті емдеуге арналған тапанша (видео)
4 жыл бұрын 2910 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күйіп қалған теріні емдеудің машақаты көп әрі ұзаққа созылатын, науқастың жанына бататын процедура. Бұдан бөлек, дәкімен таңылған күйген терінің бет жағы суланып, науқастың еркін қиылдап-қозғалуына, жуынуына мүмкіндік бере бермейді. Израилдің NanoCare компаниясының күйген жерге жасанды теріні жапсыруға арналған Spincare құрылғысы науқастың жылдам оңалуына септігін тигізеді әрі пациенттің жуынуына кедергі келтірмейді. Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил ғалымдары ойлап тапқан Spincare медициналық мақсатқа арналған тапаншасындағы электроспиннинг технологиясы арнайы ерітінді көмегімен наножабындыны қалыптастырады. Бұған қоса, күйген жерге аталмыш құрылғымен жапсырылатын жасанды нанотерінің түсі мөлдір болғандықтан зақымдалған жердің жазылу процесін қадағалауға мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат