|
Криптовалютаның доллардан қандай артықшылығы бары айтылды
|
Криптовалюта нарығы монополияланған. Сол себепті, таяу арада алтынды алмастыра алмайды немесесе аталмыш асыл тасқа толыққанды балама бола алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей банкі қаржы мекемесінің бұрынғы төраға орынбасары Олег Вьюгиннің мәлімдемесіне жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, цифрлы валюта немесе виртуалды ақша капиталы жағынан (жинаған қоры) алтынды басып озуы мүмкін. Алайда, криптовалютаның табиғаты тән осалдыққа, дәлірегі, ірі ойыншылардың манипуляциялауына бейім келетіндіктен нарықтағы бағасы жиі құбылады. Яғни, бағасын болжау қиын болғандықтан нақты бір операцияларда, мәмілелерде немесе есеп айырысуда тиімсіз құралға айналдыруы мүмкін. Десе де биткоиннің түпкілікті эмиссиясы (ұсыныстың бағдарламалық деңгейде шектеулігі) долларға қарағанда артықшылық береді. Бұл артықшылық өз кезегінде цифрлы валютаның инфляциядан құнсыздануына жол бермейді.