Компьютерлік томографияның 22 жасқа дейінгілерді қатерлі қан ісігіне шалдықтыру қаупі бары анықталды
|
Еуропалық ғалымдар, дәлірегі, Белгия, Дания, Франция, Германия, Испания және Швеция ғалымдарынан жасақталған халықаралық топ компьютерлік томографияның жастарда қатерлі қан ісігінің қаупін арттыруы мүмкін екендігі туралы тұжырымға келді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар өмірінде кем дегенде бір мәрте компьютерлік томографиядан (КТ) өткен 22 жасқа дейінгі бір миллионға жуық адамның деректеріне талдау жасады. Соның ішінде тоғыз елдегі 376 аурухана мәліметтері сарапталды. Компьютерлік томографиядан өткендердің барлығын шамамен сегіз жыл бойы бақылаған, тіпті, кебіреуін сканерлеуден кейін табаны күректей 20 жыл бойы бақылаған екен. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, орташа дозасы сегіз миллиграмм болатын бір компьютерлік томография балалар бойында қатерлі қан ісігінің пайда болу ықтималдығын 16 пайызға арттырған. Дегенмен, сүйек кемігін сәулеленудің 100 миллиграмм дозасы бұл аурудың қаупін үш есе арттыратын болып шықты. Деректерді абсолютті қауіп-қатерге шағатын болсақ, компьютерлік томографиядан өткен әрбір он мың баланың бойында тексеруден кейін 12 жыл ішінде бір немесе екі қатерлі ісік ауруы пайда болады.