Кеңінен тараған жат әдеттің ұрпаққа берілетін зардабы белгілі болды
Кеңінен тараған жат әдеттің ұрпаққа берілетін зардабы белгілі болды
2 жыл бұрын 2342 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Валентин Шишкин есімді ресейлік отбасы дәрігері шылымқорлардың ұрпағына осынау жат әдеттен келетін зардапты атады. Бұл жайында islam.kz порталы Ura.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, аталған жат әдетке үйір адамдарға темекіден генетикалық материалдың зиян шегетінін әрі осының кесірінен болашақта балалардың дамуында ауытқу орын алатынын ескертті. Оның айтуынша, зиянды әдет жасуша уының жасушанның метаболизіміне кері әсерін тигізеді. Бұл жайт өз кезегінде генетиканы өзгертпек. Бұл кері әсерге, әсіресе, белсенді түрде бөлінетіндері ұшырайды. Соның ішінде, ер адамның жыныс жасушалары, дәлірегі, сперматозоиды. Өйткені, олар жиі жаңарып отырады. Міне, осындай себеппен болашақ ұрпақ өзгерген қоршаға ортаға бейімделуіне тура келеді. Егер сыртқы жағдайларға улы зат кірсе, яғни, шылым шегудің әсерінен генетикалық материал зақымдалып, болашақ баланың ақуыздарының түзілуінде ақау пайда болмақ. Осыдан барып құрсақтағы ұрықтың дамуында ақау орын алады. Әйелдер мен ерлер үшін темекі шегудің салдарын салыстыра отырып, дәрігер әйелдер үшін қауіптің әлдеқайда жоғары болатынын атап өтті, өйткені, оларда жыныс жасушаларының соңғы саны тіпті пренаталды кезеңде де қалыптасады. Ерлерге келсек, шылым шегуден зақымданған генетикалық материал қалпына келеді. Алайда, ол үшін перзент сүйгісі келетін ер-азаматтар жарты жыл бұрын осынау жат әдеттен арылуға кеңес берді.

0 пікір
Мұрағат