Жындар тұрғызған діңгектер (фото+видео)
Жындар тұрғызған діңгектер (фото+видео)
4 жыл бұрын 17286 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Asyldin.kz сайтының назарына: бұл материалды көшіріп алуғаа тыйым салынады. Авторлық құқықты бұзу - ҚР БАҚ туралы заңымен қудаланатынын ескертеміз!

Жындар тұрғызған діңгектерді тарихы терең Құдыс шаһарындағы Ақса мешітінің жертөлесінен көре аласыздар. Аңызға сенсек, бұл тас діңгектерді Сүлеймен пайғамбар тұсында жындар тұрғызған. Қасиетті Құранның «Сәба» сүресінің 12-ші және 13-ші аяттарында: "Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз. (12)

Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нің қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. “Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!” Құлдарымнан шүкір етуші аз". (13) деп айтылған. (kuran.kz сайтынан алынды - ред.) Бұл аңызды алға тартатындар көбінесе қасиетті Құрандағы «Сәба» сүресінің осы аяттарын дәлел ретінде алға тартып жатады.

Ал еврейлердің айтуынша, Ақса мешітінің орнында Сүлеймен ғибадатханасы ретінде белгілі алғашқы құлшылық орнының құрылысын біздің дәуірімізге дейінші вавилондықтарға теліп жүр. Бұл діңгектер сол кезден қалған жәдігер. Десе де оны растайтын қандай да бір заттай айғақ жоқ. Екінші ғибадатхана парсылардың Кир патшасының пәрменімен тұрғызылған. Алайда, бұл ғибадатхананы біздің дәуіріміздің 70-ші жылы Рим императоры (сол кезде генерал болған) Титтің әмірімен құлатылған. Бұл ғибадатханадан бүгінде еврейлер сиынатын орынға айналған "Қасірет дуалы" жұрнақ болып қалған.

Жертөледе 130 мыңға тарта кітап қоры сақтаулы кітапхана бар. Онда кітаптардан бөлек шамамен 4 мың қолжазба сақтаулы жатыр. ЮНЕСКО мамандары аталмыш кітапхананы әлемдегі ислами қолжазбалардың маңызды коллекцияларының бірі ретінде атайды

Столбы, воздвигнутые джиннами во времена пророка Сулеймана (ФОТО)

Столбы, воздвигнутые джиннами во времена пророка Сулеймана (ФОТО)

Столбы, воздвигнутые джиннами во времена пророка Сулеймана (ФОТО)

Столбы, воздвигнутые джиннами во времена пророка Сулеймана (ФОТО)

Столбы, воздвигнутые джиннами во времена пророка Сулеймана (ФОТО)

 

0 пікір
Мұрағат