Жындар мешіті қайда орналасқан?
|
Жындар мешіті қасиетті Мекке қаласында, дәлірегі, Жаннатүл-Муалла мазарынан «Харам» құлшылық үйіне апаратын жолдың оң жағында орналасқан. Аталмыш құлшылық үйінің неліктен «Жындар мешіті» аталғанына тоқталайық: мұнда Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жындармен кездесіп, оларды тура жолға шақырып, олармен бірге намаз оқыған. Сондай-ақ, «Жын» сүресі осы жерде түскен еді. Бұл жер "ФерҺадийа» деп аталады, Харам мешітінен солтүстікке қарай екі шақырым қашықтықтағы жотада орналасқан. Алғашқыда бұл жерде түнгі қарауылдар тұрған. Хижра жыл санауы бойынша 1072 жылдың Зүлһиджа айының 5-і күні аталған жерге келген мароккалық Айашидың айтуынша, біз сөз етіп отырған жотада шоқ тоғай болған және осы жотада мұқтаждарға ас-су таратылған. Бұл жерге мешіт алғаш рет Хижра бойынша 1112 жылдың Мұһаррам айының 18-і күні осы араға келген Ибрагим Аға есімді сәулетшінің бас-көз болуымен салынды. Бұл құлшылық үйі азан шақыратын мұнарасы мен мінбері болмады. Бұл мешітке «Жындар мешіті» деген атау берілді. 1943 жылы аталмыш мешіт қалпына келтірілді, ал 2000 жылы оның орнына осы заманғы мешіт бой көтерді.