Жылаудың қандай падасы бары анықталды
Жылаудың қандай падасы бары анықталды
5 күн бұрын 782 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Анастасия Тертышная есімді ресейлік дәрігер Telegram әлеуметтік желісіндегі өзінің арнасында жылаудың адам организіміне тигізер ұшан-теңіз пайдаларын атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның сөзіне қарағанда, жылау жалпылама айтқанда адамды босаңсытып, ауруды жеңіл өткеруіне, дәлірегі, ауысрысынуды азайтуға көмектеседі, тіпті, адамның көңіл күйінің жақсаруына септігін тигізеді. Бұдан бөлек, жылау парасимпатикалық жүйке жүйесін белсендіру арқылы стресті төмендетеді. Адам жылаған кезде ауырсынудың ауыр кезеңін еңсеруге мүмкіндік беретін эндорфин гормоны бөлінеді. Бұған қоса, окситоцин гормонын бөлу есебінен қан айналымы жақсарады. Дегенмен, дәрігердің ескертуінше, жиі жылау қауіпті аурудың, дәлірегі, бірнеше дертке ықпал ететін күйзелістің белгісі болуы ықтимал.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4