|
Жұма демалыс күніне айналуы мүмкін
|
Енді бір он бес жылдан кейін жұма күні сенбі және жексенбі секілді демалыс күніне айналуы әбден мүмкін. Бұл жайында Россия банк қаржы мекемесі төрағасының бірінші орынбасары Сергей Швецов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған роботтардың жаппай енгізілуі мен жұмыс өнімділігінің артуы себеп болмақ. Тек Сергей Швецов қана емес, сонымен қатар, Ресей Федерациясының еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин де осыған ұқсас пікір білдірді. Дәлірегі, ПМЭФ-2017 аясында өткен сессия барысында XXI ғасырда адамның жұмыс күні бар-жоғы төрт сағат құрауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Осылай деген министр жұмыс күнінің қысқаруы адамдардың жалақы мөлшерінің кемітпеуі керектігін қадап айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді