Жол талғамайтын өзгеше көлік құрастырылды (видео)
|
Финдердің 18 Wheels компаниясы айрақша жол талғамайтын, электрмен жүретін көлік құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 18 Wheels жел талғамайтын көлігінің 18 доңғалағының әрқайсысы дербес аспаға ие, тау-тасты, ойлы-қарлы жерде құрт тәрізді қозғалады. «Біз бірегей патенттелген суспензиясы бар әлемдегі алғашқы 18 доңғалақты электрлік квадроциклді жобаладық. Біздің барлық жер талғамайтын көлігіміз топыраққа залалын тигізбейді, яғни, табиғат үшін қауіпсіз, кез келген жер талғамайтын көліктерге қарағанда динамикалық сипаттамаларының ерекшелігімен мен маневрлік қабілетімен айрықшаланады», - деп айтылған компания хабарламасында. Осынау көлікті құрастырғандардың айтунша, бұл конструкция биіктігі 20 сантимтерге дейін жететін кез келген тосқауыл мен кедергіні жылдамдығын баяулатпай еңсере алады.