Jetson ONE ұшатын автокөлігі сынақтан сәтті өтті (видео)
|

Jetson ONE-дің алғашқы өндірістік ұшатын автокөлік моделі таяуда әуеге көтерілу, жерге жайлап қону арқылы, алғашқы ұшуын сәтті аяқтады. Бұл жайында islam.kz порталы overclockers ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Электрмен жұмыс істейтін ықшам, тігінен ұшып көтерілетін және қонатын машина (eVTOL) – жеке авиацияны дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Жеңіл алюмини материалынан құрастырылған әуеде маневр жасай алады. Сегіз, уақытта қозғалтқышпен жабдықталған ерекше көлік сағатына 106 шақырым жылдамдықпен қозғалады және бір зарядпен 20 минут ұша алады. eVTOL, сондай-ақ, радиолокациялық датчигі бар автоматты қону жүйесімен және қауіпсіздікті арттыру үшін резервтік аккумуляторлық батарея жүйесімен жабдықталған. Бұған қоса, төтенше жағдайда ұшқышты қорғауға арналған, жылдам ашылатын баллистикалық парашюты бар. Аталмыш компания өкілдерінің айтуынша, Jetson ONE қозғалтқыштарының бірі істен шықса да ұшуын жалғастыра береді. Jetson ONE Америка құрама штаттары мен Италияда ұшуға рұқсат алған алғашқы eVTOL.