Жердің «өкпесі» көмірқышқыл газды сіңіруді қойып, көмірқышқыл газын бөлетін болады
Жердің «өкпесі» көмірқышқыл газды сіңіруді қойып, көмірқышқыл газын бөлетін  болады
4 жыл бұрын 3930 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Жердің өкпесі» атанған Амазония орманы келесі он жылдықта атмосфераға көмірқышқыл газын бөле бастайды. Яғни, көмірқышқыл газын сіңіруді қойып, керісінше процеске жол береді. Бұл – табиғи процесс. Осылайша ауаның ластануы артып, жаһандық жылынудың қарқын алуына түрткі болмақ. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Naturе мерзімді басылымы жарияланды. Аталмыш зерттеу авторлары мәлімдегендей, ағаштар солып-семе бастағанда көмірқышқыл газын сіңіруден қалып, керісінше көмірқышқыл газын бөле бастайды. Бұл табиғи процесс болғанымен климат өзгерісінен салдары ауыр болады. Бұдан бөлек, орман өрті, орманды отау, т.б. факторлар да атмосферада парникті газдың мөлшерін ұлғайтып, орман-тоғайлардың мұншалықты мөлшердегі парникті газді сіңіруге шамасы келмей қалады. Осыдан 30 жыл бұрын Амазония орманы адамзат әрекетінен пайда болған парникті газдың шамамен 17 пайызын сіңіретін еді. Алайда, 2010 жылы Амазония ағаштарының 19 пайызы адам кесірінен жойылып кеткен болатын. Осыған орай зиянды қалдықтардың бөлінуі 46 пайызға артып кетті. Бүгінде Амазония орманы атмосферадағы парникті газдың бар-жоғы 6 пайызын ғана сіңіре алады. The Guardian ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағада, соңғы жиырма жылда Амазония орманы Франция, Британия, Германия және Канада он жыл бойы бөлетін парникті газды сіңірмеген. Бұдан бөлек, Амазонияның тағдырын африкадағы тропикалық орман да қайталайтынын айтып отыр. Ғалымдар. Жиырма жылдан кейін.

0 пікір
Мұрағат