Жер стратосферасы 400 метрге жұқарып кеткен
Жер стратосферасы 400 метрге жұқарып кеткен
4 жыл бұрын 3780 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

1980-ші жылдардан бері жер стратосферасы 400  метрге жұқарған. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзі мәлім етеді. Егер көмірқышқыл газбен ластануын кемітпесе, 2080 жылға қарай тағы жарты шақырым қалыңдығын жоғалтады. Атмосфера құрылымындағы өзгерістер өз кезегінде спутниктердің, радиобайланыстың және GPS үйесінің жұмысына теріс әсерін тигізеді. Стратосферадан төмен тропосфера – онда адамдар тұрады Бұл қабаттағы CO₂ ауаны жылытып, кеңейтуде. Осыдан барып стратосфера шекарасы жоғарыға қарай өрлеп барады. Ал онда көмірқышқыл газы керісінше ауаны салқындатады. Ғалымдар мұны бұрыннан білген, яғни, CO₂ кесірінен тропосфераның кеңейіп келе жатқаны турасында гипотеза баяғыдан айтылып келеді. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу аталмыш гипотезаны растап берді. Десе де осы уақытқа дейін ғалымдар стратосфераның озонның азаюына байланысты жұқарып келеді деп топшылаған еді. Шын мәнінде бұған озонның еш қатысы жоқ болып шықты, бұған көмірқышқыл газының себеп болып отырғаны дәлелденді.

0 пікір
Мұрағат