Жер астында өсіп-өніп, жеміс беретін палма ағашының жаңа түрі табылды
Жер астында өсіп-өніп, жеміс беретін палма ағашының жаңа түрі табылды
1 жыл бұрын 757 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ботаниктер Борнео аралында ғылымға осы уақытқа дейін белгісіз болып келген палманың жаңа түрін ашты. Ол Pinanga subterranea деп аталады. Бір қызығы, ол жер астында бүрлеп, жеміс салады. Алайда, оның қалай тозаңданатыны беймәлім. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл ағаштың жер астында қалай гүлдеп, қалай жеміс салатынына қайран қалып отыр, дәлірегі, ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтын мұндай кереғарлықтың жауабын таппай отыр. Әдетте жерді қопарып, өсімдік тамырын талғажау ететін жабайы, сақалды доңыздардың Pinanga subterranea ағашын қорек етіп, тұқымын тарататыны белгілі. Десе де гүлінің қалайша әрі немен тозаңданатынын анықтау керек. Өсімдік түрлерінің сирек кездесетін өте аз бөлігі жер астында гүлдеп немесе жеміс беретіндей эволюцияға ұшыраған. Жаңа палма ағашы табылғанға дейін осы екі қасиетті біріктіретін бір ғана өсімдік - жер асты орхидеясы ғана белгілі еді. Бұл палма ағашы жергілікті халыққа бұрыннан белгілі болғанымен ғылымға енді мәлім болып отыр.

0 пікір
Мұрағат