|
Жасанды зерденің болашаққа қатысты болжамы
|
Технология адамға тән көптеген қабілеттерге ие бола бастаған. Солардың бірі - болашаққа болжам жасау қабілеті. Бұл арада соқыр сенім жетегінде емес, деректердің мол қорын талдаудан өткізе отырып, болашаққа болжам жасаған. Мұны болжам дегеннен гөрі технологияның ғарыштық жылдамдықпен қарыштап дамуына байланысты орын алатын өзгерістер мен адамзаттың келешектегі ықтимал сценарилері десек, дұрысырақ болады. Бұл жайында islam.kz порталы LADbible мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш мәлімет көзі бұл тарапта адамзатқа кеңінен танымал чатқа жүгінген: бот 2076 жылы, яғни, жарты ғасырдан жер бетіндегі өмірдің қандай болатынын сипаттап берген екен. ChatGPT нұсқалары еріксіз алаңдатады: теңсіздік пен бақылау күшейеді.
- Климат дағдарысы. Жер жаһандық жылынудан адамзаттың әдеттегі өмір сүру салты әжептәуір өзгеріске түседі. Урбанистикалық аймақтар тығыздала түседі, жаңа жағдайға бейімделуі үшін.
- Адам мен техниканың аражігін ажырату қиынға соғады. Биотехнология мен жасанды зерде өмірдің барлық саласына дендеп енеді, тіпті, адамның денесіне де (титтей роботтардан бастап чипке дейін) енеді. Осылайша органика мен машина арасындағы шекара біртіндеп жойыла бастайды.
- Құпиялылықтың мәні жойылады. Технология дамыған сайын“шындық” пен “құпиялылық”ұғымдары салыстырмалы түрде, яғни, шартты реңк алады. Болашақты технологиялық жетістіктер емес, оны бақылайтындар айқындайды. Осылайша байлық пен кедейлік арасында орасан зор шыңырау пайда болмақ.
- Экономикадағы техтоникалық өзгеріс: тарихы тым тереңде, яғни, 1869 жылы құрылған, бүгінде әлемдегі ең ірі қаржы конгломераты әрі инвестициялық Goldman Sachs банкінің болжамы бойынша экономикалық орталық Азияға, дәлірегі, Қытай мен Үндістанға ауысады. Америка құрама штаттары жетекші экономика болудан қалады.
- Энергия. Жаңғыртпалы энергия көздеріне көшетіндіктен, яғни, қазбалы отыннан толық бас тартатындықтан жасыл энергия дәуірі орнайды.
- Жылдам әрі автономды (дербес жұмыс істейтін) көліктің көбісінің жылдамдығы дыбыстан жоғары болады, көлік жүргізушілерін автоплит алмастырады.
- Біріккен Ұлттар Ұйымының ескертуінше, 2076 жылға қарай Жер тұрғындарының өсімі тоқтайды («нөлдік өсім»). Бірақ, балама сценарий де бар: адамзаттың бір бөлігі біздің планетадан тыс жерде өмір сүре алады. Футурологтардың пайымдауынша, осы уақытқа дейін марстықтардың алғашқы колониялары шындыққа айналады, ал “әлем» ұғымы екі планетаны да қамтиды.
Мұрағат
Көп оқылғандар