Жасанды гүлге алданып, екі жыл зая кеткен ғұмыр
Жасанды гүлге алданып, екі жыл зая кеткен ғұмыр
5 жыл бұрын 2470 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Калифорния штатының тұрғыны құтыдағы суккулентті табаны күректей екі жыл бойы күтіп-баптап келген. Өсімдікті басқа ыдысқа ауыстырып салмақ болғанда оның жасанды пластмасса гүл екенін бір-ақ аңғарған. Сол кездегі оның өзегін өртеген өкініш пен күйініштен қандай сезімді бастан кешкенін ешкім елестете алмайтын шығар. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Сели Уилкс (Caelle Wilkes) есімді үй шаруасындағы әйел асүйіндегі терезе алдында тұрған құтыдағы суккулентке, тіпті, залал келтіре ме деген қорқынышпен ешкімнің қолын тигізбей өзі күтіп-баптады. «Суккулентты аптасына ары кетсе бір-ақ рет суғару керек, егер артық су құйылса, ол солып қалуы мүмкін»,- деді ол. Осы жылдың ақпан айының соңында ол оны жаңа ыдысқа ауыстырып отырғызбақ болады. «Мен гүлге шақ әдемі ваза таптым. Мен өсімдікті сатып алынған кездегі пластик контейнерден шығарғанымда оның жасанды екенін білдім», - деді артынша. Америкалық әйел бұл оқиғасын Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған екен: «Мен бұл суккулентке соншалықты сүйіспеншілікпен қарап, барымды салып күтіп-баптағанымды айтсаңызшы! Оның әр жапырағын жуып, шаң-тозаңнан тазалайтынмын. Ал ол пластик болып шықты. Мұны қалай аңғармадым екен. Мен екі жыл бойы алданып өмір сүріппін!»,- деп жазыпты. Жазбасының соңында гүлдің екі фотосын да қоса жариялапты. Facebook пайдаланушылары осыған ұқсас жағдайды бастан кешкендерін жарыса жазған екен. «Анам маған ақыл тісімді жұлып тастаған соң суккулент сыйлады. Ол кезде мен дәрінің әсерінен айыға алмаған кезім. Біршама уақыт өткен соң оның топырағы кеуіп кеткен жоқ па әлде шірітіп жіберетіндей ылғалды емес пе деген оймен топырағына саусағымды батырсам... қарғыс атқыр цемент болып шықты»,- деп тағы біреуі осыған ұқсас басынан кешкенін бөлісіпті.

0 пікір
Мұрағат