Жапон құрмасы (видео)
Жапон құрмасы (видео)
4 жыл бұрын 3015 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын күншығыс елінің Исикауа префектурасына қарасты Ното түбегінде орын тепкен Сика елді-мекеніндегі фермерлер, яғни, шаруа қожалықтары қазан айы түскен соң құрмаларды кептіре бастайды. Ашық сары түсті құрманы кептіріп, қысқа азық қорын дайындайды. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Жапон тілінде ол корогаки деп аталады; гаки деген сөз каки (құрма) деген сөзден шыққан, ал коро –корокоро деген сөздің қысқартылған түрі, домалаған затты меңзейтін дыбыстық бейнелеуді (еліктеу) білдіреді. Олрады жұмсарту үшін жемістерді мыжу тәсілін қолданады. Бұл жерде құрманы күкіртті фумигация әдісімен дайындайды. Корогакиді дайындау үшін құрманың ең тұтқыр түрі пайдаланылады. Күннің мол сәулесі мен теңізден соққан жел құрманың тұтқырлығын кетіріп, тәттілігін сақтайды. Нәтижесінде қыс бойы бұзылмайтын тәтті жеміс жеп шығасыз. Сика елді-мекенінің ауыл шаруашылық кооперативі бұл жергілікті өнім үшін «Ното Сика корогаки» маркасын белгілеп, жергілікті тауар ретінде ұлттық сертификатқа (GI) ие болды. 

0 пікір
Мұрағат