Зерттеу: Жердегі барлық жабайы жануарлардың салмағы адамдардан 20 есе аз
Зерттеу: Жердегі барлық жабайы жануарлардың салмағы адамдардан 20 есе аз
2 жыл бұрын 1843 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израил ғалымдары жердегі жабайы сүтқоректілердің жалпы салмағы қазіргі уақытта 22 миллион тоннаны құрайтынын есептеп шағырды. Бұл көрсеткіш планетада өмір сүретін адамдардың жалпы массасының 10% -нан аз, яғни, адамзаттың жалпы салмағы 390 миллион тоннаны құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен қатар, қолға үйретілген түрлер, соның ішінде мысық, ит және ірі қара малы секілді үй жануарлары бүгінде жер ресурстары үшін жабайы жануарлармен бәсекелесетін тіршілік иелерінің жалпы салмағын шамамен 630 миллион тоннаға арттырады. Адамзат қарасы көбейген сайын жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы тарылып барады. Ауыл шаруашылық мақсатында, соның ішінде егістік алқаптары мен жайылымды ұлғайту үшін орман-тоғай оталып жатыр. Жабайы жануарлардың дені орман-тоғайда тіршілік ететіндіктен оларға жойылу қатері төніп тұр. Ал Миннесота университетінің ғалымдары 2100 жылға қарай жер бетіндегі әрбір үшінші түр жойылатынын немесе оларға жойылып кету қаупі төнетінін анықтады. Бұл тарапта өсімдіктер мен жәндіктер ең көп зардап шегеді. Климаттық дағдарысты, жер шарындағы халық санының өсуінен және адам әрекетінен биологиялық әр алуандылық жұтаң тартады. Бұл жайт өз кезегінде экологиялық тепе-теңдікті бұзып, табиғи әрі экологиялық апатты көбейтеді. журнале Frontiers in Ecology and the Environment мерзімді басылымында келтірілген дерекке қарағанда, дәлірегі, әлемнің 187 елінен биологиялық әралуандылық саласындағы 3,3 мың сарапшы тартылған сауалнама нәтижесі бойынша бүгінгі таңда бір миллионға тарта өсімдік пен жануар түрі жойылу алдында тұр, оның 10%-ы – жәндіктер. Жәндіктер көбінесе топырақтың құнарынан айырылуына, су мен ауаның ластануына байланысты жойылып барады.

0 пікір
Мұрағат