Үкінің бір түрін жойылудан құтқару үшін екінші түрін қыратын болды
Үкінің бір түрін жойылудан құтқару үшін екінші түрін қыратын болды
5 ай бұрын 575 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shane Jeffries / U.S. Fish and Wildlife Service / Reuters

Америка құрама штаттарында үкілердің басқа түрін ату арқылы жойылып бара жатқан үкі түрін құтқару туралы шешім қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы Fortune ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай радикалды шешім АҚШ-тың балық және жабайы табиғат қызметінің Орегон, Вашингтон және Калифорния штаттарындағы ала үкілердің азайып бара жатқан популяциясын қолдау стратегиясы бойынша шығарылды. Тиісті, құзыретті орындар мен биологтар өзінен тұрқы шағын ала үкілерді ығыстырып, олардың тіршілік ету ортасын тарылтқан, дәлірегі, күнкөріс көзінен айырған үлкен үкілердің жарты миллионға жуығын жою үшін Батыс жағалаудағы қалың орманға аңшыларды жіберуге шешім қабылдады. Олар 30 жыл ішінде үлкен үкілердің санын азайту міндетін орындайды. Америка құрама штаттарының шығысында кездесетін үлкен үкілер екі жергілікті үкі түріне (солтүстік ала үкілер мен Калифорния үкілері) тиесілі Батыс Жағалау аумағын басып алды. Шағын ала үкілер үлкен ала үкілерге қарағанда көбірек ұрпақ таратады және тіршілік ету үшін аз орынды қажет етеді, осындай артықшылықтарына қарамастан жемтігін аулауда «басқыншы» үкілермен бәсекеге түсе алмады. 

0 пікір
Мұрағат